Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет139/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Ұлулар типінде 
бір (улитка) 
немесе  екі  (устрица,  сегізаяқ) 
бүйрек қызмет етеді.
Б у н а қ а я қ т ы л а р
  т и п і н 
жануарлардың  әртүрлі  класта-
рымен  салыстырғанда  олардың 
80-сурет. 
Шұбалшаңның бөліп шығару жүйесі
Жүйке 
түйіндері 
Өңеш
Жұмыртқа- 
жасуша
Сілекей бездері 
Жемсау 
Ішек 
Артқы 
ішек
Мальпигий 
тамырлары 
Қарын 
81-сурет. 
Тарақанның iшкi құрылысы


127
Бүйрек
Несепағар
Қуық
Зәр 
шығару 
өзегі
82-сурет. 
Сүтқоректілердің 
зәр шығару мүшелері
бөліп шығару мүшелерінің құрылысы мен 
жұмысында  күрделі  айырмашылықтар 
байқалады (81-сурет). 
Шаянтәрізділер  класы  өкілдерінде 
негізгі  шығару  мүшесі  – 
жасыл  бездер
.  
Бұл  шаянның  жұп  метанефридиялы 
бүйректері, олар бас бөлігінде орналасқан 
болып, мұртшалары немесе ауыз айнала-
сында сыртқа ашылады. Шаянтәрізділер 
және жәндіктер класында ерекше шығару 
мүшелері – мальпигий түтікшелері. 
Мальпигий  түтікшелері  –  бір  ұшы 
ішекке, ал екінші ұшы денеге ашылатын 
түтікшелер.  Яғни  бүкіл  түтікше  қанмен 
аралас қуыс сұйықтығында болады, себебі 
буынаяқтыларда  қан  тамырлары  жүйесі  тұйықталмаған.  Мальпигий 
түтікшелері тұратын жасушалар оларды қоршаған қан қоспасынан және 
қуыс сұйықтығы – гемолимфадан зиянды заттарды тұтып қалады. Бұл 
үдерісте ішекке қатты заттар – кристалдық зиянды заттар түседі. Себебі 
жәндіктер мен шаянтәрізділердің ағзалары суды үнемдейді. Хитинді 
жабынына байланысты олар суды буландыра алмайды, сондықтан суды 
ішпейді десе де болады. 
Балықтардан бастап сүтқоректілерге дейінгі барлық омыртқалыларда 
зәр  шығару  мүшелері  бүйректен,  несепағардан  және  зәр  шығару 
түтікшесі  не  клоак  арқылы  қоршаған  ортаға  ашылатын  қуықтан 
тұрады. Омыртқалы жануарлардың әртүрлі кластарында бүйрек пішіні 
мен өлшемдері айырмашылық жасайды, бірақ құрылысы мен қызметі 
бойынша ұқсас болады. Зәр шығару түтікшесі – нефронның ұзаруынан 
зәр  шығару  мүшесінің  жетілдірілгені  байқалады.  Құстардың  тағы 
бір  ерекшелігі  оларда  қуық  жоқ,  сондықтан  кристалдық  зәр  бөліп 
шығарады.  Себебі  құстарда  зат  алмасу  деңгейі  жоғары  және  ұшуын 
жеңілдету үшін денесінің салмағын азайтуы керек.
Метанефридиялар, бүйректер, нефрондар, жасыл бездер, малüпигий 
түт³кшелер³.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет