Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет141/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Тест сұрақтары
1. Өсімдіктегі қозғалыс реакциясы
а) Гликолиз
ә) Мутация
б) Таксис
в) Трансляция
г) Модификация
2. Тропизм дегеніміз
а) Өсімдіктегі қозғалу типі
ә) Зат алмасу сатысы
б) Жасуша органоидтарының бірі
в) Тамыр аймағы
г) Жеке даму


129
3. Жарықсүйгіш өсімдік
а) Қант қамысы
ә) Саумалдық
б) Інжугүл
в) Қырлышөп
г) Қазтабан
4. Көлеңкеге төзімді өсімдік
а) Саумалдық
ә) Қарағай
б) Түймедақ
в) Қант қамысы
г) Эвкалипт
5.  Тірі  ағзалардың  жарық  күн  ұзақтығына  байланысты  өзінің  физио-
логиялық үдерістерін өзгерту қабілеті 
а) Гликолиз
ә) Фотопериодизм
б) Анаболизм
в) Катаболизм
г) Хемосинтез
6. Тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын циклдік үдерістер
а) Биоырғақ
ә) Таксис
б) Тропизм
в) Анаболизм
г) Катаболизм
7. Амебаның қозғалу мүшесі 
а) Жалған аяқтар
ә) Кірпікшелер
б) Талшықтар
в) Желбезектер
г) Жүзбеқанаттар
8. Талшықтарымен қозғалады 
а) Кәдімгі амеба
ә) Кірпікшелі кебісше
б) Каракатица


130
в) Саламандра
г) Эвглена
9. Балықтардың қозғалу мүшесі 
а) Жүзбеқанаттар
ә) Кірпікшелер
б) Талшықтар
в) Жалған аяқтар
г) Шапанша қуысы
10. Реактивті қозғалады 
а) Сегізаяқ
ә) Амеба
б) Гидра
в) Ақ сұлама
г) Тоспаұлу


131
10-бөлім.
 ҚОЗҒАЛЫС
§32. Өсімдіктердегі қозғалыс
Өсімдіктердің  қозғалу  ерекшеліктері. 
Өсімдік  жасушаларының 
қатты  жасуша  қабықшасына  байланысты  өз  пішінін  өзгерте  алмай-
тын,  жиырыла  алмайтынын  білесіңдер.  Сондықтан  жануарлардан 
айырмашылығы өсімдік ағзасында бұлшық ет элементтері жоқ, белсенді 
қозғала алмайды. Бұл «өсімдік кеңістікте мүлдем қозғалмайды» дегенді 
білдірмейді.  Өсімдік  не  енжар  қозғалады  (тозаңы  мен  тұқымы  жел 
арқылы тасымалданады), не өсу түрінде қозғалады. Яғни қажет бағытта 
өседі. Өсімдік не үшін қозғалады? Бірінші кезекте өсімдік өзіне қолайлы 
қоршаған орта жағдайларына бағытталуы үшін қозғалуға ұмтылады. 
Өсімдіктің барлық жапырақтары жақсы фотосинтездеу үшін жарықтың 
барынша көп мөлшерін алуға ұмтылады. Тамыр өз кезегінде оңтайлы 
тереңдікке дейін топырақта өседі. Сөйтіп, суды және пайдалы заттар 
ерітіндісін сіңіру үдерісін жеңілдетеді. Өсімдіктің қозғалуын толығырақ 
қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет