Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§33. Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың маңызы



Pdf көрінісі
бет144/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§33. Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың маңызы
Жарықтың экологиялық факторлар ретіндегі маңызы 1-параграфта 
қарастырылды. Жарық фотосинтез барысында энергия береді, бүршік 
жару, гүлдеу, жапырақтың түсуі сияқты тіршілік үдерісін қамтамасыз 
етеді.
Жарық  күннің  ұзақтығы  біздің  ғаламшарымыздағы  тұрақты 
көрсеткіштердің бірі екенін білесіңдер. Біздің ғаламшарымыздың ор-


134
битасы, Жердің айналу осінің еңісі сияқты өзгермейді. Демек, жарық 
күн ұзақтығының өзгеруінің циклі де өзгермейді.
Фотопериодизм – ағзалардың бейімделуі
. Эволюция барысындағы 
миллиардтаған жылдар ішінде тірі ағзалар осы тұрақты көрсеткіштерге 
бейімделді. Тірі ағзаларда маусымдық өзгерістерді анықтайтын маңызды 
фактор – жыл бойындағы күн мен түн  ұзақтығының мерзімді ауысымы. 
Фотопериодизм –
 тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты 
өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті. Фотопериодизм деп 
тірі ағзалардың тәуліктің жарық уақытының ұзақтығының өзгеруіне 
әсер  көрсету  қабілеті  деп  те  айтуға  болады.  Жарықты  қабылдайтын 
барлық тірі ағзалар күн мен түн ұзақтығының мерзімді ауысымын қажет 
етеді деп те айтқан дұрыс. Яғни фотопериодизм құбылысы міндетті әрі 
қажетті сипатқа ие. Ол жарықты мүлде қабылдамайтын тіршіліктен 
басқа  барлық  тірі  ағзаларға  тән.  Жарықты  мүлде  қабылдамайтын 
ағзаларға  кейбір  бактериялар,  мұхит  түбін  мекендеушілер,  жарық 
түсетін  тереңдікте  ешқашан  болмаған  ағзалар,  еркін  тіршілік  ететін 
сатысы жоқ жасушаішілік және ағзаішілік паразиттер т.б. жатады.
Ауа райы және климат жағдайлары тұрақсыз. Бір жылы көктем 
ерте шығып, жылы болады, келесі жылы кеш шығып, суық болады. 
Басқа жыл мезгілдері туралы да осыны айтуға болады.
Ерте күн жылынып кеткеннен кейін күрт үсік түсуден немесе күзде 
күрт суып кетуден болатын ықтимал шығынды төмендету үшін барлық 
тірі ағзалар ауа температурасына ғана емес, жарық күн ұзақтығына да 
әсер көрсетуге бейімделген.
Ғалымдар көру мүшесі жоқ ағзалардың да фотопериодизмге әсер 
көрсететінін  анықтады.  Мысалы,  қуыршақ  сатысында  қыстайтын 
көбелек  дернәсілдері  жарық  күннің  белгілі  бір  ұзақтығында  ересек 
дараға айналады. Тәжірибе зерттеушілері қуыршақтарды температурасы 
төмен теттариумге қояды. Бірақ жарық көктемдегідей сәуір-мамыр айла-
рына сәйкес келді. Қоршаған орта температурасы тірі қалуға мүмкіндік 
86-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет