135
бермесе де бұл тәжірибеде барлық қуыршақтан көбелектер шықты.
Өсімдіктердің өзгеретін жарық жағдайына бейімделуі.
Бүршік
жару, гүлдеу, жемісінің пісуі, жапырақтың түсуі сияқты үдерістердің
барлығы – өсімдіктер тіршілігінің барлық маусымдық өзгерістері фото-
периодизм заңына сәйкес жүреді.
Заңдылықтарды зерттеудің практикалық маңызы зор. Мысалы,
шалқан өсіру. Бұл дақыл бақшада өседі, толыққанды тамыржеміс
қалыптасып үлгерместен өсімдік гүлдеп, тұқым түзе бастайды.
Тамыржемістің барлық қоректік заты сонда кетеді. Шалқан өсімдігін
жылыжайда өсірген кезде жылдың кез келген уақытында ерте көктемдегі
сияқты жарық түсіреді. Өсімдік толыққанды тамыржеміс түзеді де,
көпке дейін гүлдемей тұрады. Ашық алаңда да осындай жетістікке
жетуге болады. Ол үшін өскіндерді белгілі бір уақыт күңгірт пленка-
мен жауып қояды. Өсімдіктерді осылай «алдау» әртүрлі дақылдардан
қажет өнім алуға мүмкіндік береді. Уақытты өзгерту және жарық түсу
ұзақтығын өзгерту арқылы қыс ортасында да өсімдікті өсіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: