109
сұйықтық шығарылады да, ол ауаға тола-
ды. Араларда тыныс алу минутына 120-
ға дейін жиілейді. Мұндай жүйе жәндік
ағзасының оттекті және энергияны қажетсінуін
қамтамасыз етуге жетеді.
Омыртқалылардың тыныс алу мүшелері.
Омыртқалы жануарлардан ең бірінші балықтар
пайда болды. Олар суда тіршілік етеді. Судан
еріген оттекті алу үшін ерекше тыныс алу
мүшесі – желбезектер керек. Барлық балықтар
желбезектері арқылы тыныс алады. Әртүрлі
балық түрлерінде желбезек құрылысы ұқсас
болады. Балық желбезегі үш бөліктен: желбе-
зек доғасы, желбезек жапырақшалары және
желбезек талшықтарынан тұрады.
Желбезек
доғасы
тірек үшін керек. Оған талшықтар
мен жапырақшалар орналасады.
Желбезек
талшықтары
балық аузымен жұтатын сумен
бірге желбезекке қорек қалдықтары түспеу
үшін керек. Желбезек доғасы да, желбезек
талшықтары да қатты. Олар сүйек түзілімдері
болып табылады.
Ж е л б е з е к ж а п ы р а қ ш а л а р ы
т ы
-
ныс алу мүшесінің басты қызметін –
газал масуды
атқарады. Олар ашық қызыл
түсті, себебі ұсақ қан тамырлары өткен (72-су-
рет). Желбезек жапырақшаларында балық
қанына судан алынған оттек түседі. Ал суға
балық ағзасына керек емес көмірқышқыл газы
шығарылады.
Судан шығарылған балық оттексіз тұншығып өліп қалады. Себебі
желбезек жапырақшалары ауадан оттекті алуға бейімделмеген.
Ертедегі балықтардан алғашқы жердегі омыртқалылар – қосмекенділер (бақа,
тритондар, құрбақалар) шықты. Қосмекенділерде алғаш рет нағыз өкпесі –
ауада тыныс алу мүшесі пайда болды. Өкпесі желбезектен емес, балықтың
торсылдағынан (плав. пузырь) түзілді. Торсылдақ – қан тамырлары бар балық
денесі ішіндегі мүше. Ол балықтарға су түбіне түсу немесе су бетіне шығу
үшін керек. Балық су бетіне қалқып шығу үшін көмірқышқыл газының
бір бөлігін торсылдаққа шығарады. Ол ісінеді де балық жүзіп шығады. Ал
балық су түбіне бату үшін торсылдақтан қанға көмірқышқыл газы түседі де,
дереу желбезек арқылы шығарылады. Торсылдағы кішірейеді де, балық су
72-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: