107
органикалық заттар жеткілікті болады, себебі олар еріген күйге өтеді.
Өсіп жатқан тұқымды ауасыз қалдырса, олар тіршілігін жояды. Оны
анықтау үшін кез келген өсімдік тұқымдарын сулау керек. Содан кейін
оларды екіге бөліп, әртүрлі ыдысқа салады. Олардың біреуіне дымқыл
мақта немесе майлық салу керек, тұқымға ауа баратындай болуы тиіс.
Басқа ыдысқа салынған тұқымға ауа бармайтындай етіп су құю керек.
4–5 күннен кейін бірінші ыдыстағы тұқым өскіндері өсіп жатқаны
байқалады. Ал екінші ыдыстағы тұқым ауа (оттек) болмағандықтан
тіршілігін жояды.
Өсімдіктің тыныс алуы, ауа тамырлар.
Достарыңызбен бөлісу: