Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Тұқым  мен  өскіннің  тыныс  алуы



Pdf көрінісі
бет114/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Тұқым  мен  өскіннің  тыныс  алуы.
 
Құрғақ  тұқым  тыныштық  күйіндегі  жа-
сушалардан  тұрады.  Оларда  оттек  өте 
аз  мөлшерде  жұмсалады  немесе  мүлде  жұмсалмайды.  Бірақ  құрғақ 
тұқымдар өсе бастағанда, пайдаланатын оттек мөлшері күрт артады. 
Өсіп жатқан тұқым жасушалары сол түрге жататын ересек өсімдіктің 
кез келген басқа бөліктері пайдаланатын мөлшерден көп оттекті пай-
даланады.
Өсіп  жатқан  өсімдік  тұқымы  қарқынды  тыныс  алатынына  үш 
эксперименттік дәлелді келтірейік.
Тыныс алу кезінде энергия бөлінетіні белгілі. Оның едәуір бөлігін 
(50%-дан көп) ағза сіңірмейді, ол жылу түрінде жұмсалады. Сондықтан 
қарқынды қимылдаған кезде, мысалы, жүгіргенде, ағза тез жылынып, 
жылудың артық мөлшерін бөле бастайды. Питон сияқты салқынқанды 
жануарлар  жұмыртқа  басқанда  оны  жылыту  үшін  денесінің  темпе-
ратурасын  жоғарылата  алады.  Аналық  питон  өзінің  алып  денесімен 
жұмыртқаны орап алып, толқын тәрізді қозғалыс жасап, бұлшық еттерін 
жиыра бастайды. Нәтижесінде дене температурасы жоғарылайды. Бұл 
жылумен жұмыртқасын жылытады. Тыныс алу үдерісінің арқасында 
жылжымайтын өсімдік жасушаларының температурасының артқанын 
тұқым өніп-өскен кезде ғана байқауға болады. Өзгеріс айқын байқалу 
үшін өніп-өсетін тұқым мөлшері көп болуы керек. Көктемде егін егу 
кезінде тұқымдық дән селекциялық станциядан себілетін жерге жүк 
машиналарымен әкелінеді. Егер жолда жаңбыр жауып, дәнге су тисе, 
ол өне бастайды. Үйілген дәнге қолыңды салсаң, жылынғанын, яғни 
температура артқанын байқауға болады. 
68-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет