§42. Мінез-құлықтың рефлекстік табиғаты Генетикалық тұрғыда негізі қаланған мінез-құлықтың физиоло- гиялық механизмі. Шартсыз рефлекстердің қалай түзілгені және
ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетіні толық зерттелген жоқ. Барлық
шартсыз рефлекстердің ОЖЖ-де өз жүйке орталықтары болатыны анық.
Шартсыз рефлекстердің рефлекс доғасы бірдей тітіркендіргіштен тұрады
және әртүрлі жануарларда (бір түрге жататын, жасы және жынысы
бір
1
) бірдей жауап реакциялары болады. Шартсыз рефлекс неғұрлым
күрделі болса, соғұрлым мидың жоғары бөлімдері оған жауап береді.
Жануарлардың күрделі мінез-құлқын белгілеу үшін көбінесе
генетикалық тұрғыда негізі қаланған мінез-құлық немесе инстинкт
түсінігі қолданылады. Инстинкт деп өзара байланысты шартсыз
рефлекс тер тізбегін түсінеді. Инстинкті мінез-құлық бір жауап реак-
циясымен аяқталмайды. Бір шартсыз рефлестің аяқталуы басқа, келесі
бір реакцияны тудырады. Мысалы, құстарда аталығының ұя салуын
көрсетуі жұп құруға шақыратын сигнал болып табылады. Кейін ұя сала-
104-сурет.