171
Ұйқы – сергектік күйін ауыстыра-
тын бірден-бір күй. Толыққанды ұйқы
– мидың қалыпты жұмысы үшін міндетті
шарт. Тәжірибеге қатысқан ерікті адамдар
ұйқысыз 6 тәулікке шыдаған. Осы кезде
олардың есте сақтау қабілеті нашарлаған,
зейіні, санасы төмендеген, тоқтамайтын бас
ауруы басталған.
Мидың үлкен ми сыңарлары қыртысында
түс көру кезінде қозу және тежелу үдерістері
сергектік күйге қарағанда басқаша жүреді.
Көптеген адамдар ұйқыны бірыңғай күй
ретінде қабылдайды. Шын мәнінде бұлай
емес. Ұйқы кезінде қарама-қарсы маңызды
2 фазаны шартты түрде бөлуге болады:
баяу ұйқы және тез ұйқы фазасы. Оларды
тереңірек қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: