Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет190/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Тез  және  баяу  ұйқы.
  Ұйқы  кезінде 
адамда  бір-бірінен  мезгіл-мезгіл  ауысты-
ратын  ұқсас  емес  2  физиологиялық  күй 
байқалады. Басқаша айтқанда, ұйқының тез 
(парадоксальді)  және  баяу  (ортодоксальді) 
деген 2 түрі бар.
Баяу  ұйқы
  кезінде  дене  босаңсиды. 
Жүрек қағысы мен тыныс алу сергектік күйге қарағанда баяу, ал ты-
ныс алу үстіртін. Жалпы қан қысымы мен зат алмасу сәл төмендейді.
Дене  температурасы  да  төмендейді  (сондықтан  ұйықтаған  кезде 
тоңамыз). Бірақ мидың оттекпен қамтамасыз етілуі және нейронның 
оттекті пайдалануы өзгермейді. Үлкен ми сыңары қыртысында тежелу 
басым, яғни нейронның көп бөлігі жүйке импульсін жасамайды.
Баяу  ұйқы  фазасында  дене  демалады,  яғни  қаңқа  және  жүрек 
бұлшық  еттері  демалады.  Жалпы  ағза  енжар  болады.  Ол  қимыл 
белсенділігін ертеңгі күнге қалпына келтіреді. 
Тез  ұйқы
  кезінде  барлығы  керісінше  болады.  Үлкен  ми  сыңары 
қыртысында  қозу  үдерісі  күшейеді  әрі  жүреді.  Тез  ұйқы  кезінде 
сергектік күйге қарағанда ми белсенділігі ерекшеленетіні анықталған. 
Яғни  ми  сергектік  кездегіге  қарағанда  едәуір  белсенді.  Осы  уақытта 
адам түс көреді. Егер адамды тез ұйқы фазасында оятса, көрген түсін 
есте сақтайды және айтып бере алады.
Тез ұйқы фазасында адамның жүрек қағысы, тыныс алуы жиілейді, 
зат  алмасу  мен  температурасы  жоғарыламайды.  Сондай-ақ  бұлшық 
107-сурет.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет