174
Қолдану:
1. Тез және баяу ұйқы кезеңдерін атаңдар.
2. Ағза үшін тез және баяу ұйқы қандай физиологиялық рөл атқарады?
Талдау:
1. Оқулықта айтылған ғалымдардың түс көру туралы пікірлерін талдаңдар.
2. Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін
сызба сызыңдар.
Синтез:
1. Ұйқының қандай кезеңінде адам түс көреді? Параграфты оқып болған
соң, «түс көру» дегенге қандай анықтама бересіңдер?
2. Әртүрлі ақпарат көздерін зерттеп, түнде жұмыс істейтін адамдарға қандай
ұсыныс беретіндеріңді айтыңдар.
Бағалау:
1. Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың тіршілігі үшін ұйқының
маңызын бағалаңдар.
2. А. Шопенгауэрдің: «Өмір сүру мен түс көру – бір кітаптың беттері»
деген пікірін талқылаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: