§45. Ұйқы гигиенасы және жұмысқа қабілеттілік Жұмысқа қабілеттілік –
адамның белгілі бір
мақсатқа бағытталған
әрекетті – жұмысты тиімді орындау қабілеті. Жұмысқа қабілеттілік
төмен болғанда, адам белгілі бір жұмысты орындай алмайды. Мысалы,
мүлде дайындығы жоқ адам ұшақты басқара алмайды. Бұл жағдайда
оның жұмысқа қабілеттілігі нөл болады. «Жұмысқа қабілеттілік» деген
түсінік экономикада, социологияда, психологияда кеңінен қолданылады.
Басты мәселе – қажет уақыт бойы жұмысқа қабілеттілікті сақтау.
Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі қажудан – есте сақтау мен
зейіннің едәуір төмендеуінен, жұмысқа мән бере алмау қабілетінен
көрінеді.
Қажу – қысқа үзілістен кейін немесе іс-әрекет түрін ауыстыру-
111-сурет.