173
Түс көру.
Ағза үшін тез ұйқы мен түс көрудің физиологиялық рөлі
қандай? Ағзаны тез ұйқы фазасынан айырса мидың демалмайтыны
белгілі. Яғни, тез ұйқысыз үлкен ми сыңары қыртысы нейронның
жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілмейді. Еріктілермен жасалған
тәжірибелерде адамды тез ұйқы фазасына жақындаған сәтте оятып
отырған. Мұндай адамдар тәулігіне 12–14 сағат ұйықтаса да, өздерін
ұйқысы қанбаған сияқты сезінген. Олардың жұмысқа қабілеттілігі 20
сағат баяу ұйқыдан кейін де қалпына келмеген. Демек, мидың жұмысын
қалпына келтіру үшін және толыққанды жұмыс істеуі үшін тез ұйқы
қажет.
Адам түсінде қандай да бір түсінігі бар заттар, құбылыстар, оқиғалар немесе
бейнелер туралы көреді. Түсінде фантастикалық оқиғаларды көрсе де, өз
қиялының мәнінен тыс еш нәрсе көрмейтіні анықталған. И.П. Павловтың
пікірі бойынша, түс көру – «шынайы оқиғалардың шынайы емес үйлесімі».
Көптеген физиологтардың пікірі бойынша, ұйқы және түс көру ішінара
күндізгі ақпаратты өңдеу, ойлау және есте сақтау үшін қажетті міндеті үдеріс.
Ғалымдар сергектік күйде шығара алмаған есеп жауаптарын түсінде көрген
деректер белгілі. Д.И. Менделеев өзінің «элементтерінің периодтық жүйесін»
түсінде көрген. Оның периодтық жүйесін жасау үшін көп еңбектеніп, кейін
түсінде көрген. Егер ол бұл салада кәсіби маман болмаса, периодтық жүйені
түсінде көрсе де оны түсініп, адамзатқа түсіндіре алмас еді.
Ұйқы, баяу үйқы фазасы, тез ұйқы фазасы.
Достарыңызбен бөлісу: