Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет201/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Оқушының күн тәртібі
 
Еңбек және демалу түрі
 
Оқушының жасы
7-9 жас
10 жас
11-13 жас
14-17 жас
Таңертең тұру
7.00
7.00
7.00
7.00
Таңертеңгі жаттығу
Жуыну шаралары
Төсек жинау
7.00 – 7.30
7.00 – 7.30
7.00 – 7.30
7.00 – 7.30
Таңғы ас
7.30 – 7.50
7.30 – 7.50
7.30 – 7.50
7.30 – 7.50
Мектепке бару
7.50 – 8.20
7.50 – 8.20
7.50 – 8.20
7.50 – 8.20
Мектептегі сабақ
8.30–12.30
8.30–13.30
8.30–14.00
8.30–14.30
Мектептегі таңғы ас
11 ..
11 ..
11 ..
11 ..
Түскі ас
13.00–13.30 14.00–14.30 14.30–15.00
15.00–15.30
Түстен кейінгі ұйқы 
немесе демалу
13.30–14.30





179
Серуендеу
Далада ойнау немесе 
спорттық ойындар
14.30–16.00 14.30–17.00 15.00–17.00
15.30–17.00
Түстен кейінгі ас
16.00–16.15 17.00–17.15 17.00–17.15
17.00–17.15
Үй тапсырмасын 
орындау
16.15–17.30 17.15–19.30 17.15–19.30
17.15–20.00
Таза ауада серуендеу
17.30–19.00



Кешкі ас және бір іспен 
айналысу (кітап оқу, 
музыкалық аспапта 
ойнау, қол еңбегімен 
айналысу, отбасына 
көмектесу, шет тілін 
үйрену т.б.)
19.00–20.00 19.30–20.30 19.30–21.00
 14–15 жас 
үшін:
20.00–21.30
 16–17 жас 
үшін:
20.00–22.00
Ұйықтауға дайындалу
(киімді, аяқкиімді таза
-
лау,
гигиеналық
 
шаралар)
20.00–20.30
20.30–21.00 21.00–21.30 22.00–22.30
Ұйқы
20.30–7.00
21.00–7.00
21.30–7.00
14–15 жас 
үшін:
22.00–7.00
16–17 жас 
үшін:
22.30–7.00
Күн тәртібі, ақыл-ой еңбегі гигиенасы.
Білу және түсіну: 
1.  Дұрыс күн тәртібінің жұмысқа қабілеттілікке әсерін сипаттаңдар.   
2.  Таңертең  тұру  және  түнде  ұйықтау  арасындағы  өз  әрекеттеріңді 
сипаттаңдар әрі бағалаңдар. 
Қолдану:
1.  Күн тәртібіндегі ұйқының, толыққанды тамақтанудың, таза ауада серуен-
деудің, жақсы көретін іспен айналысудың маңызын түсіндіріңдер. 
2.  Толыққанды ұйқы үшін қажет жағдайларды атаңдар. 
Талдау:
1.  Оқушының  күн  тәртібінің  негізгі  элементтерін  талдаңдар.  Олардың 
әрқайсы сының рөлі қандай? 
2.  Дене және ақыл-ой еңбегінің ауысымының қажеттілігін талдаңдар. 


180
Синтез:
1.  Ересек  адам  мен  оқушының  күн  тәртібін  құрастыр.  Ересек  адам  мен 
оқушының күн тәртібінде айырмашылық бар ма?  
2.  Оқушының күн тәртібі бұзылған кезде туындайтын өзгерістер мен қиын-
дықтар туралы болжам жасаңдар.  
Бағалау:
 
Оқушы үшін күн тәртібінің маңызын бағалаңдар.
§47. Есте сақтауды жақсарту әдістері. 
Жүйке жүйесі жұмысына жағымсыз факторлардың әсері 
Есте сақтауды жақсарту әдістері. 
Қазіргі кезде адамның есте сақтау 
қабілетін жақсарту мақсатымен оған әсер етудің әртүрлі жүйелері мен 
әдістері жасалып, қолданылуда.
Күн сайын жасалатын жаттығу. 
Дене (физикалық) жаттығулары бұлшық 
еттерді нығайтып, денсаулықты жақсартса, миға арналған жаттығулар ми 
жасушалары арасындағы байланысты күшейтіп, жаңа байланыстар түзеді де, 
есте сақтауды жақсартады. 
Есте сақтауды жақсартудың қызықты әдісі – есептер шығару және жұмбақ 
шешу, мысалы, судоку шешу немесе пазлдарды құрастыру. Мұн дай ойындар 
есте сақтауды нығайтады, себебі үнемі нысандар арасындағы байланысты табу 
керек (яғни бір нәрсемен байланыстыру керек).
Адамның  миы  ақпаратты  сақтайды,  бірақ  оны  қалпына  келтіру  үшін  осы 
ақпаратты  жадтың  басқа  элементтерімен  қосатын  себеп-салдар  байланы-
сын жасау қажет. Осылай ойын барысында жаңа байланыстар жасау миды 
жаттықтыруға көмектеседі.
Күнделікті іс-әрекеттер
Бұл  жерде  бар  мәселе  байқағыштықта  жатыр.  Өз  іс-әрекетіңді  естіртіп 
айтуға, барлық сезім мүшесін қолдануға да  болады. Басында бұл әдіс оғаш 
көрінгенімен кейін нәтижесі болады. 
Есте  қалмайтын  күнделікті  іс-әрекеттерге  назар  аударып,  ми  басқа  сезім 
мүшелерінен  түсетін  сигналдарды  қолдануы  мүмкін.  Бұл  әдістің  мәні 
күнделікті ағымдағы тапсырмаларға назар аудару болып табылады.
Бір нәрсені еске түсіру үшін оны басқа заттармен ойша байланыс тыру керек. 
Әріптер немесе цифрларды сақтағаннан мида сурет жақсы сақталады. Бұл өте 
қарапайым техника, бірақ ол үшін жаттығу керек.
Көзге елестету, ойша қиялдау
Бір нәрсені есте сақтау үшін ойша қиялдау. Көп сөзді есте сақтау қажеттілігінен 
арылуға болады. Елестету (воображение) арқылы  фильмді, тіпті эпизодтарды 
бүге-шегесіне  дейін  еске  түсіруге  болады.  Бұл  есте  сақтауды  жақсартудың 
қуатты  құралы  болып  табылады.  Ақпараттарды  бейнелейтін  суреттерді 
мағынасына қарай жүйелі байланыстырып, өз киноңды жасауға болады. 
Бейнелі түрде есте сақтау сөзбен есте сақтаудан едәуір күшті. Өз ақпаратыңа 


181
көзбен көрген элементтерді қосып, оны оңай есте сақтауға болады.  Бұл жерде 
жаттығу өте маңызды. 
Кеңестер мен ескертулер
Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар және тестілер – ми жасушалары 
арасындағы байланысты нығайту, жаңа байланыстар жасау және есте сақтауды 
жақсарту әдістері. Бұл – қызық әрі өнімді іс. 
Ми жасушалары арасындағы байланыс жаңа нәрсені білгенде немесе жаңа 
тәжірибе алғанда жақсара түседі. 
Жүйке  жүйесіне  әсер  ететін  жағымсыз  факторлар. 
Спиртті 
ішімдік
 ми қыртысының жұмысын тежейді.  Спиртті ішімдіктерге 
мидың нәзік жүйке жасушалары өте сезімтал. Қанның құрамындағы 
спирттің тіпті аздаған мөлшерінің өзі алдымен жасушаларды наркоз 
күйіне келтіреді, содан кейін улайды. Ал созылмалы маскүнемдік 
болған жағдайда ми жасушаларының бір бөлігі өледі. Нәтижесінде 
мидың  жұмысы  бұзылады,  есте  сақтау,  зейін,  ойлау  процестеріне 
зақым келеді.
Спиртті ішімдік бүкіл мүшелерге кері әсер етеді. Ол қандағы ге-
моглобин мөлшерін төмендетеді, эритроциттерді бұзады, организмдегі 
витаминдердің  сіңірілуін  азайтады,  асқазан  мен  өңештің  сілемейлі 
қабығына зиян келтіреді, жүрек бұлшық еттерінің май басып, оның 
дұрыс  қызмет  атқаруына  кедергі  жасайды.  Жас  адамның  организмі 
спиртті  ішімдікке  ерекше  сезімтал  болып,  аз  мөлшердің  өзі  жас 
организмді улауға жеткілікті болады. 
Мас болу ішімдіктің қандағы концентрация сына тікелей байланыс ты. Ішімдік 
мөлшері  қанда  неғұрлым  көп  болса,  ми  қыртысы  соғұрлым  мидың  басқа 
бөлімдерін басқара алмайды. 
Ішімдікті үнемі пайдаланатын адамдар 
маскүнемдік ауруына
 шалдығады. 
Жасалған  қылмыстардың  50%-ы  спиртті  ішімдік  ішумен  байла ныс ты 
екені дәлелденген. Маскүнемдер отбасы қоғам алдындағы жауапкершілікті 
сезінбейді. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмейді, жұмыс істеуге ынтасы болмайды.
Темекі шегу
 де жоғары жүйке жүйесінің әрекетіне зиян келтіреді. 
Никотин
 – қан тамырларын күрт тарылтып, қан қысымын арттыратын 
күшті у. Никотин миға зиянды әсер етеді, есті және зейінді нашарлата-
ды, жасына жетпей қартаюға себепші болады. Темекі шегу, әсіресе жас 
ағза үшін өте қауіпті. Бірде-бір темекі зиян келтірмей қоймайды. Темекі 
шегуді бала жастан бастаған адам ағзаға соншалықты зиян келтіреді. 
Адам денсаулығына және бүкіл қоғамға 
есірткілік заттарды 
пай-
далану  өте  қауіпті  болып  саналады.  Есірткілік  заттар  миды улайды. 
Есірткі пайдаланатын адамдардың жоғары жүйке әрекетіне – ойлау, есте 
сақтау, зейін, сөйлесу процестеріне зиян келеді. Мұндай адам жігерсіз 
болып, өз әрекетіне жауап бермейді. Көптеген елдерде есірткілік зат-
тарды ұстау және оны тарату қатаң түрде заңмен қудаланады.  


182
Жоғары жүйке әрекетінің қалыпты болуы – адам денсаулығының 
бас ты  көрсеткіші.  Жоғары  жүйке  әрекетінің  зақымдануына  жол 
бермеудің басты шарты – саламатты өмір сүру салтын ұстану.
Саламатты өмір салты, шылым шегу, алкоголизм.
Білу және түсіну:
1.  Жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін жағымды факторларды сипат-
таңдар. 
2.  Жүйке жүйесінің жұмысына жағымсыз әсер ететін факторларды сипат-
таңдар 
Қолдану:
1.  Жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін жағымды факторлардың маңы-
зын түсіндіріңдер және оның салдарын бағалаңдар.  
2.  Жүйке  жүйесінің  жұмысына  әсер  ететін  жағымсыз  факторлардың 
маңызын түсіндіріңдер және оның салдарын бағалаңдар.  
Талдау:
1.  Физиологиялық  механизмдерін  анықтап,  есте  сақтауды  жақсарту 
әдістерін талдаңдар. Сендердің ойларыңша «қайталау», «жаңа нәрсені 
қабылдау»  және  «байланыс  орнату  –  ассоциация»  үдерістері  нейрон 
тармақтарымен байланысты ма? 
2.  Әрбір азаматтың, жалпы, ел болашағын қалыптастыру үшін саламатты 
өмір салтын ұстану қажеттілігін талдаңдар. 
Синтез:
 
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, темекі, алкоголь және есірткіге 
қатысты  бірнеше  елдің  заңдарын  талдаңдар.  Ол  неге  байланысты  деп 
ой лай сыңдар?  
112-сурет. 
Шығыс жекпе-жегі – шынығудың шегі


183
Бағалау:
   Барлық азаматы саламатты өмір салтын ұстанатын мемлекеттің даму 
бола ша ғын болжаңдар және бағалаңдар. 
Тест сұрақтары
1.  Торлы жүйке жүйесі тән ағза
а) Гидра
ә) тритон
б) Көлбақа
в) Жылан
г) Борсық
2.Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты түйінділерінен  тұратын жүйке 
жүйесі
а) Дифференциялды жүйке жүйесі
ә) Торлы жүйке жүйесі
б) Сатылы жүйке жүйесі
в) Диффузиялық жүйке жүйесі
г) Жұлдызша тәрізді жүйке жүйесі
3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұратын ағзалар  
а) Қарапайымдылар
ә) Ішекқуыстылар
б) Буылтық құрттар
в) Желілі жануарлар
г) Жалпақ құрттар
4. Ағзаның әртүрлі бөлігінде жүретін үдерістерді үйлестіретін жүйе  
а) Жүйке жүйесі
ә) Тірек-қимыл жүйесі
б)
 
Асқорыту жүйесі
в) Тыныс алу жүйесі
г) Репродуктивті жүйе
5.  Жүйке жүйесінің міндеті
а) Жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын ұйымдастыру


184
ә) Жыныс жасушаларын бөлу
б)
 
Қозғалысты қамтамасыз ету
в) Өте күшті биологиялық заттарды бөлу
г) Газ алмасуды жүзеге асыру
6. Жүйке ұлпасының негізгі жасушасы  
а) Тромбоцит
ә) Эритроцит
б)
 
Лейкоцит
в) Нефрон
г) Нейрон
7. Жүйке ұлпаларының негізгі қызметі
а) Қозғыштық, өткізгіштік
ә) Жиырылғыштық, қабылдаушылық 
б) Қимыл-қозғалыстық
в) Зарарсыздандыру, жойып жіберу
г) Сүзгіштік, басқару
8. Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері  
а) Дендрит
ә) Аксон
б)
 
Нейроглия
в) Нефрон
г) Остеоцит
9. Аксон шоғыры түзеді 
 
а) Ақ затты
ә) Сұр затты
б)
 
Сілемейлі қабықшаны
в) Жұлдызша тәрізді жасушаны
г) Ми сұйықтығын
10. Жұлындағы сегменттер саны
  
а) 12
ә) 28
б) 31
в) 34
г) 10


185
12-бөлім.
 ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК 
ЗАҢДЫЛЫҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет