Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет204/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

ДНҚ молекуласы
115-сурет.
 ДНҚ-ның жартылай 
 
сақталу көшiрмесiнiң үлгiсi 
Ата-енелiк 
тiзбек
Жеке 
ата-енелiк 
тiзбектер
Еншiлес
тiзбектер
Ата-енелiк 
тiзбек


187
лады.  Егер  өзгерсе,  онда  қандай  да  бір 
тұқымқуалаушылық қасиеті өзгереді.
8. ДНҚ – химиялық зат. Одан тұқым 
қуалауға  жауап  беретін  құры лымдар  – 
денешіктер тұрады. Бұл – жасуша ядросын-
да болатын, ал бактерияларда цитоплазма-
да болатын хромосомалар.
Тұқым қуалау ақпараты.
 Тұқым қуалау 
ақпараты  дегеніміз  не  екенін  білу  үшін 
жасушаның химиялық құра мын еске түсіру 
керек. Кез келген тірі жасуша құрамына 
нәруыздар, майлар және көмірсулар кіретіні 
белгілі.  Көмірсулар  мен  майлар  –  едәуір 
қара пайым  қосылыстар.  Олар  ағзаның 
әртүрлі топтарында (өсімдіктер, жануарлар, 
саңырауқұлақтар, бактериялар) аз айырмашылық жасайды. Осы маңызды 
заттардың ішіндегі ең күрделісі – нәруыздар. 
Тұқым қуалау ақпараты
 –  
ағзаның барлық нәруыздарының аминқышқылдарының ретінің жазба-
сы. Яғни ДНҚ-да жасушада, сәйкесінше ағзада нәруызды қалай жасауға 
болатыны жазылған. Бұл – тұқым қуалау ақпараты.
Тұқымқуалаушылық,  өзгергіштік,  ДНҚ,  нуклеин    қышқылы,  
тұқым қуалау ақпараты. 
 
Білу және түсіну:
1.  Тірі ағзаға тән тұқымқуалаушылық және өзгергіштік деген қасиеттерді 
қалай түсінесіңдер? 
2.  Күнбағыстың дәнінен қызылша өсіруге бола ма? Жауаптарыңды негіз-
деңдер. 
Қолдану: 
1.  ДНҚ дегеніміз не? Микроскоппен көрінетін жасуша ядросындағы қандай 
денешік осы заттан тұрады?   
2.  ДНҚ  молекуласының  құрылымын  кім  және  қай  жылы  ашты?  Осы 
күрделі заттың толық атауын айтыңдар. 
3.  ДНҚ қызметін сипаттаңдар. Мутация дегеніміз не? ДНҚ қызметі мен 
мутация «тұқымқуалаушылық және өзгергіштік» деген түсініктермен 
қалай байланысты?
Талдау:
1.  Тұқымқуалаушылық ақпарат дегеніміз не? 
2.  ДНҚ туралы негізгі қағидалардың сызбасын құрастырыңдар. 
116-сурет. 
Õромосома 
ДНҚ-дан құрылған, жүннен 
тоқылған шарф сияқты


188
Синтез:
 
Жасуша құрамына кіретін органикалық заттарды сипаттаңдар. Қосымша 
ақпарат көздері мен оқулық материалын пайдаланып, олардың қалай 
байланысты екенін көрсетіңдер. 
Бағалау:
1.  Күшікке ата-анасының біреуінен түсі, дене мөлшері, екіншісінен мінез-
қылығы берілді. Неге бұлай болғанын болжаңдар. 
2.  Ғалымның  баласы  ғалым,  ал  әскери  қызметкердің  баласы  патриот 
бола  ма?  Бұл  жасушаның  химиялық  қасиетіне  байланысты  ма?  Өз 
болжамдарыңды дәлелдеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет