Тұқым қуалайтын немесе генетикалық белг³лер – ДНҚ-дағы тұқым
қуалайтын ақпарат әсер³нен қалыптасатын белг³лер. Мұндай белг³лерге
шаш пен көзд³ң түс³, оң немесе сол қолмен жұмыс ³стеу, шаштың бұйра
болуы, иекте ұяшықтың болуы, әртүрл³ ауруларға бей³м болуы жатады.
Тұқым қуалайтын белг³лерд³ң келес³ ұрпаққа бер³лу және олардың
байқалу заңдылықтарын зерттеумен генетика ғылымы айналысады.
Генетика ғылымымен кей³н танысамыз.
Өзгергіштік, модификация, мутация, генетикалық белгілер, гене - тика. Білу және түсіну: 1. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысын сипаттаңдар.
2. Өзгергіштік типтері туралы ақпарат беріңдер.
Қолдану: 1. «Мутация», «модификация», «тұқымқуалаушылық», «өзгергіштік»,
«тұқым қуалайтын өзгергіштік», «тұқым қуаламайтын өзгергіштік»
деген термин дерге анықтама беріңдер.
2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын өзгергіштікке
мысалдар келтіріңдер. Ағза үшін модификацияның қандай маңызы бар?
Талдау: 1. Қоршаған ортаның әсері өзгергіштіктің қандай да бір типіне әкеледі деп
айтуға бола ма?
2. Құрғақшылық немесе тамақтың болмауы мен радиацияны өзгергіштікке
әсер ететін факторлар ретінде айтуға бола ма?
Синтез: 1. Өзгергіштік типтерін талдаңдар. Олардың арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықты тауып, кестеге толтырыңдар.
2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, мутацияның пайдалы әрі зиянды
болатынына мысалдар келтіріңдер.
Бағалау: «Эволюция үдерісі – пайдалы мутациялардың біртіндеп жинақталуы.
Ол тірі ағзалардың миллиондаған ұрпақтарында үздіксіз жалғасады»
және «Жердегі тіршіліктің дамуы – адам басқаратын эволюция» деген
екі пікірге баға беріп, түсіндіріңдер.