Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


 Жасушаның пайда болуынан келесі жас жасушалардың түзілуіне дейінгі



Pdf көрінісі
бет220/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
1. Жасушаның пайда болуынан келесі жас жасушалардың түзілуіне дейінгі 
тіршілік
а) Жасуша циклі
ә) Жасуша теориясы
б) Жасушалық инженерия
в) Жасушалық химия
г) Жасуша айналымы
2. Бөлінуге даярлық кезең  
а) Интерфаза
ә) Профаза
б) Телофаза
в) Метафаза
г) Анафаза
3. Õромосоманың орналастын орны
а) ДНҚ
ә) РНҚ
б) АТФ
в) НАДФ.Н
г) АДФ
4. Адамдағы дене хромосомаларының саны  
а) 48
ә) 46
б) 23
в) 104
г) 84
5. Жасуша бөлінуінің әдістері  
а) Делеция, инверсия
ә) Мутация, модификация
б) Транскрипция, трансляция
в) Анаболизм, катаболизм
г) Митоз, мейоз
6. Жас жасушада хромосома жиыны екі есе азаятын жасушаның бөліну 
тәсілі  


201
а) Амитоз
ә) Митоз
б) Мейоз
в) Бластула
г) Гаструла
7. Дене жасушаларының бөліну жолы 
 
а) Митоз
ә) Мейоз
б) Модификация
в) Мутация
г) Редукциялық бөліну
8. Жыныс жасушаларының түзілу тәсілі  
а) Амитоз
ә) Митоз
б) Мейоз
в) Мутация
г) Модификация
9. Гамета дегеніміз 
 
а) Жыныс жасушасы
ә) Жүйке жасушасы
б) Сүйек жасушасы
в) Қан жасушасы
г) Бұлшықет жасушасы
10. Гаметадағы хромосома жиыны  
а) Гаплоидты
ә) Диплоидты
б) Қосарлы
в) Триплоидты
г) Тетраплоидты


202
14-бөлім.
 КӨБЕЮ
§52. Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюі
Ағзалардың көбею формалары.
 Көбею – тіршіліктің үздіксіздігін 
қамтамасыз ететін, келесі ұрпақ беретін тірі ағзаларға тән жалпы қасиет. 
Ғаламшардағы тірі ағзалар әртүрлі әдіс арқылы көбейеді. Барлық әдісті 
үлкен топқа: жынысты және жыныссыз көбею деп бөлуге болады.
Жыныссыз  көбею  –  жыныс  жасушасы  –  гаметалар  қатыспайтын 
ағзаның көбею типі. Яғни жыныссыз көбеюдің кез келген формаларында 
дара хромосома жиыны бар гаплоидті жасушалар түзілмейді.
Жынысты және жыныссыз көбею ерекшелігі
 түбегейлі емес. Осы 
үдерістердің басты ерекшелігі тұқым қуалау ақпаратының ДНҚ және 
ұрпақтарда хромосомалардың бөліну принципі болып табылады.
Жыныссыз көбею – едәуір ежелгі әдіс. Осылай ең алғашқы тірі ағза-
лар – біржасушалы прокариоттар – бактериялар көбейген. Бар лық бак-
териялар осы кезге дейін, негізінен, жыныссыз жолмен – жасушалардың 
екіге бөлінуі арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбеюге бір аналық дара қатысады. Егер біржасушалылар 
туралы  айтылса,  онда  жасуша  болады.  Жыныссыз  көбею  кезінде 
ұрпақтары алғаш барлық хромосомалар (аналық) бастапқы хромосоманың 
дәл  көшірмесі  болады.  Бұл  бактериядағы  ДНҚ  молекуласына  да 
қатысып, себебі оларда ядросы жоқ және ДНҚ хромосомада құрылмаған.
Жынысты көбею
 – көбеюдің едәуір үдемелі, едәуір жаңа әдісі. Жы-
нысты үдерістің басты ерекше қасиеті – жыныс жасушаның – гаметаның 
қалыптасуы. Бұл арнайы жыныс жасушаның басында қосылу – ұрықтану 
үдерісі үшін жасалған. Гамета ядросында хромосоманың дара жынысы 
бар, ол басқа гаметадан алынған екінші жиынмен толықтырылуы керек. 
Гаметалардың дамуы – жыныс үдерісінің міндетті шарты.
Ұрықтану үшін үнемі екі дара қажет емес, мысалы, 
гермафродитизм
 және 
партеногенезді
 алуға болады. Жынысты көбеюдің осы түрлері туралы келесі 
параграфта қарастырылады.
Жыныссыз және жынысты көбеюдің биологиялық маңызы.
 Жыныс-
сыз көбею үдерісінде үлкен артықшылық бар. Жыныссыз көбею кезінде 
әрбір ағза ұрпақ қалдыруға қабілетті. Яғни «серіктесін кездестірмеу» 
қаупі жоқ. 
Бірақ  жыныссыз  көбею  әдісіндегі  кемшілік  –  өзгергіштік  төмен 
болады. Яғни барлық ұрпағы өзінің жалғыз арғы тегіне ұқсайды.


203
Мұндай ұрпақтар өз түрінің басқа ағзаларынан пайдалы қасиеттерді тұқым 
қуалап алу мүмкіндігі жоқ. Осы барлық бірдей ұрпақтарға абсолютті бірдей 
жағдай  қажет.  Демек,  олардың  арасында  қатаң  бәсекелестік  жүреді.  Бұл 
бәсекелестікте  тірі  қалу  мүмкіндігі  өте  аз.  Қандай  да  бір  жаңа  жағдайға 
бейімделу мүмкіндігі жоқ, себебі барлық ұрпақ бірдей.
Жынысты көбею кезінде ұрпақтардың 
бір-бірінен  өзгешеліктері  болады  (122-су-
рет).  
Әрине, жыныс үдерісінде мүлде ұрпақсыз 
қалу мүмкіндігі жоғары. Себебі ұрықтану 
үдерісі  өте  күрделі.  Ол  тұтас  ағзалардың 
немесе  олардың  гаметаларының  кездесуін 
талап  етуі.  Жынысты  үдерістің  тағы  бір 
маңызды  артықшылығы  –  ұрпағында 
арғы  тегінде  болған  әртүрлі  ең  жақсы 
тұқым қуалайтын белгісінің үйлесімін алу 
мүмкіндігі бар. 
Жынысты және жыныссыз көбею.
Білу және түсіну:
1.  Көбею не үшін қажет екенін түсіндіріңдер. 
2.  «Зигота», «гермафродизм», «гамета» деген терминдерге анықтама беріңдер.
13-сызба
Ағзалардың көбею 
типтері
Жыныссыз
Жынысты
Ұрпағы анасының ағзасын 
дәлме-дәл көшіреді
Ұрпағында ата-анасының 
белгілері тең кездеседі
122-сурет. 
Ұрпағында әйтеуір 
бір өзгешелігі болады


204
Қолдану:
1.  Суретті қараңдар. Суретте берілген өсімдіктер қалай көбейеді? Көбеюге 
қандай мүшелері қатысатынын анықтаңдар. 
2.  Жынысты көбею үшін қандай жағдайлар міндетті болып табылады? 
Талдау:
1.  «Жынысты және жыныссыз көбею» деген сызба сызыңдар.
Синтез:
1.  Өсімдіктердегі,  ішекқуыстылардағы,  жұмыр  құрттардағы  жыныссыз 
көбеюге жалпы сипаттама беріңдер. 
2.  Жыныссыз көбеюге мысал келтіріңдер. 
Бағалау:
 
Табиғаттағы жынысты және жыныссыз көбеюдің маңызын түсіндіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет