Білу және түсіну: 1. «Шартсыз рефлекс», «шартты рефлекс», «инстинкт», «генетикалық
тұрғыда қаланған мінез-құлық» деген түсініктердің айырмашылығын
сипаттаңдар. Қандай түсініктер синоним болып табылады?
2. Қарапайым шартсыз рефлекстер мен жануарларға тән күрделі инстинкті
мінез-құлық арасында қандай айырмашылық бар?
Қолдану: 1. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларда инстинкті мінез-құлық
қан дай рөл атқарады?
2. Шартсыз рефлекстің қалыптасу және тежелу себептерін атаңдар.
Талдау: 1. Рефлексті жүзеге асыратын ОЖЖ бөлімдерінің рефлекс күрделілігіне
байланысын талдаңдар. Ол не үшін қалыптасты?
2. Жеке ағзалар мен жалпы түрлерді сақтаудағы рефлекс түрлерінің және
инстинкт рөлін бағалаңдар.
167
Синтез: 1. Дрессировщиктер циркте рефлекстердің қандай түрлерін пайдаланады?
Жауаптарыңды негіздеңдер.
2. Әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланып, рефлекстерді зерттеу тарихы
туралы қорытынды жасаңдар.