110
түбіне батады. Ежелгі балықтардың кейбір түрлері торсылдағын тыныс алу
үшін пайдаланған сияқты. Қазіргі кезде Аустралия, Африка және Оңтүстік
Америкадағы суы тартылып жатқан көлдерде осындай балық түрлері
бар. Оларды суда желбезегі арқылы, ал ауада торсылдағы арқылы тыныс
алатындықтан
қостыныстылар
деп атайды.
Жердегі омыртқалылардың барлығы өкпе арқылы тыныс алады. Бірақ
қосмекенділердің өкпесі әлсіз болып, жақсы дамымаған. Сондықтан бақалар
өкпе және ылғал тері арқылы тыныс алады.
Омыртқалы жануарлардың ішінде ең қуатты тыныс алу мүшесі
құстарда сияқты. Себебі құстар ғана еркін ұша алады. Құстарда жердегі
барлық омыртқалылардағы сияқты тыныс алу мүшесі өкпе мен ауа
өтетін жолдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: