Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет121/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Ауа  өтетін  жол
  (воздухоносный  путь)  ауаның  өкпеге  жетуін 
қамтамасыз етеді. Оларға мұрын және ауыз қуысы, көмей, кеңірдек, 
бронхылар жатады. 
Өкпе
 – тыныс алу мүшесі; онда газалмасу жүреді: 
қан  көмірқышқыл  газынан  босап,  оттекпен  қанығады.  Құстарда 
ұшуға  бейімделуіне  байланысты  басқа  жануарларда  жоқ  тағы  бір 
қосымша  тыныс  алу  мүшесі  қалыптасқан,  бұл  –  өкпе  қапшықтары. 
Ауа  (өкпе)  қапшықтарынан
  –  өкпеден  кейін  орналасқан  бронхы 
ұшының өсінділері; мүшелер арасындағы кеңістікті толтырады, тіпті 
ірі  сүйек  ішінде  болады.  Осындай  бейімделуге  байланысты  құстарда 
қосарлы тыныс алу 
құбылысы пайда болады. Оның мәні мынада: от-
текке  бай  ауа  өкпе  арқылы  тыныс  алғанда  және  тыныс  шығарғанда 
екі рет өтеді. Тыныс алғанда ауаның бір бөлігі өкпе арқылы ауа (өкпе) 
қапшықтарын  өтеді,  ол  жерде  газалмасу  жүріп  үлгермейді.  Ауаның 
басқа  бөлігі  өкпеде  қалады  да,  оттекті  береді.  Тыныс  шығарған  кез-
де  көмірқышқыл  газына  бай  ауаны,  өкпе  ауа  өтетін  қапшықтан 
оттекке  бай  ауаны  алады.  Бұл  тиімді  жүйе  құс  ағзасына  ұшуға 
жеткілікті. Энергия өндіру үшін жететін оттек алуға мүмкіндік береді. 
Ауа  қапшығының  тағы  да  пайдалы  екі 
қызметі бар: олар құс денесін едәуір жеңілдетеді 
және  құс  денесін  қызып  кетуден  сақтап 
салқындатады. 
Ұшу кезінде құстар температурасы 42–44°С-
қа жететіндей энергия өндіреді. Ал тыныс алу 
қозғалысының саны тыныштық күйінде 26-дан 
ұшу  кезінде  400-ге  дейін  (көгершінде)  жетуі 
мүмкін.
73-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет