112
Мұрын қуысында
қан капиллярлары көп, шырышты бездер
төселген. Онда сезімтал жүйке жасушалары –
иіс сезу рецепторлары
орналасқан. Олар иісті қабылдайды. Мұрын қуысында ауа шаң-тозаң
мен микроағзалардан тазартылады. Капиллярлар көп болғандықтан
тыныс алған ауа дене температурасын қабылдайды. Рецепторлар иісті
анықтайды.
Ауыз қуысы
– тыныс алу жүйесінің қосымша жолы. Мұрынмен
тыныс алу мүмкін болмағанда (мұрын біту, мұрынның сынуы, мұрын
қанаса т.б.) адам аузымен тыныс алады.
Мұрын-жұтқыншақ
– ауыз және мұрын қуысы жалғасатын орын.
Ол
жұтқыншаққа
өтеді – тыныс алу және асқорыту жүйелерінің жалпы
(ортақ) бөлімі. Жұтқыншақ ұшы екі тармаққа бөлінеді. Бір тармағы
өңешке, екіншісі көмейге өтеді.
Көмей
шеміршектен түзілген, ең ірісі – қалқанша без (ер адамда
көмей жұмыры не жұтқыншақ деп аталады). Ішінде маңызды шеміршек
– көмекей (надгортанник; тілші, бөбешік) болады. Ол тамақты көмейге
өткізбей, өңешке бағыттайды.
Көмейдің жұмысын бұзбау үшін тамақ жеп отырғанда сөйлеуге
болмайды. Көмей құрамына шеміршектен басқа дауыс байламдарынан
(сіңірлерінен) тұратын дауыс аппараты кіреді.
Көмей кеңірдекке (трахея) – шеміршекті жартылай сақиналардан
тұратын түтікке өтеді. Кеңірдек өңештің алдында болады. Ол екі
бронхыға тармақталады.
74-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: