114
2. Ағза қай кезде және неге тыныс шығару керек екенін қалай түсінеді?
Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі неге байланысты?
Талдау:
1. Өкпенің ішкі және сыртқы құрылысын талдаңдар.
2. Тыныс алу жолдары құрамындағы әртүрлі мүшелердің құрылысы мен
қызметі қалай өзара байланысты екенін түсіндіріңдер.
Синтез:
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, ағза үшін ең жақсы тыныс алуды
қамтамасыз ететін ережелерді құрастырыңдар.
Бағалау:
1. Кейбір ғалымдар тыныс алу мүшелері мен қанайналым мүшелерін
біртұтас «кардиореспираторлық жүйеге» біріктіреді. Сендердің
пікірлерің қалай?
2. Кейбір ғалымдардың пікірінше адамның өңеші өз қызметін жақсы
атқарады. Ал шашалып қалатын адамдар бұл пікірге келіспейді. Сендер
қалай ойлайсыңдар?
Пікірталас:
1. Кейбір зоопсихологтар маймылдарды миы дамымаған соң емес, шемір-
шекті көмейінің құрылысына байланысты сөйлей алмайды деп есептейді.
Сендер осы пікірге келісесіңдер ме? Оны дәлелдеуге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: