147
оқшаулағыш сияқты рөл атқарады. Қабықша түсіне байланысты аксон
шоғыры
ақ зат
түзеді. Егер бірнеше аксон бірге жиналса және ортақ
қабықшада болса, бұл
жүйке
деп аталады.
Дендриттер мен жасуша денесі
сұр зат
түзеді. Ал денелер мен
дендриттердің мидан тыс (мүшелерде) жинақталуы жүйке түйіндерін
түзеді.
Жүйке ұлпасының тіршілік әрекетінің ерекшеліктері
. Жүйке ұлпасының
жасушалары адам туған соң көбеймейді. Яғни жаңа туған сәбиде ағзаның
бүкіл тіршілігі бойы нейрон мөлшері болады. Бірақ нейрондар белсенді
көбейіп, «тармақталуға» – басқа жасушалармен жаңа байланыс түзуге
қабілетті. Нейрондардың мөлшеріне емес, құрылысына мидың қызмет
атқаруы белсенділігі тәуелді. Адам есте сақтау, ойлау, елестету және т.б.
қабілеттерін неғұрлым жаттықтырса, миы соғұрлым жаттығады әрі дамиды.
Сондықтан ақыл-ой еңбегінің түрлері сияқты оқу, зияткерлік жаттығулар ми
нейрондарының өсуіне, оның қызмет атқаруын жақсартуға бағытталған. Де-
генмен әсіресе өсіп жатқан ағзада жаңа ақпараттың болмауы, миға сигналдың
аз түсуі нейрондардың дамымауына, олардың қызметінің нашарлауына
апарып соғады.
Ми жасушаларының тіршілігін жоюы қауіпті болып, ол қайта
қалпына келмейді. себебі нейрондар көбеймейді. Сондықтан никотин,
алкоголь, есірткілік заттардың, психологиялық жүктеме, ұйқының
бұзылуы, толыққанды тамақтанбау т.б. зиянды әсерін болдырмауға тыры-
су қажет. Миды жаттықтыру туралы төменде толығырақ қарастырамыз.
Жүйке ұлпасы
,
нейрондар, жүйке импулüс³, нейроглия, дендриттер,
аксондар, сұр зат.
Достарыңызбен бөлісу: