Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет161/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Жұлынның құрылысы.
 Жұлында барлығы 31 сегмент бар. Жұлын 
сыртынан  үш  қабықшамен  қоршалған.  Олар  қорғаныш  әрі  тірек 
қызметін атқарады. Ең ішкі қабықшасы жұмсақ қабықша болып та-
былады, ол ми жасушаларына тығыз жанасып жатады. Ең сыртқысы – 
қатты, ол тығыз болады. Ішінен омыртқа жотасының сүйек ұлпасымен 
тікелей тұтасып кетеді. Олардың арасында торлы қабықша деп аталатын 
қабықша  болады.  Ол  жұлын-ми  сұйықтығы  толы  кеңістікте  болады. 
Осы үш қабықша мен сұйықтық мида да болады.
Ішінде,  ортасында,  бүкіл  жұлын  бойында  жұлын  өзегі  өтеді.  Ол 
да жұлын сұйықтығына толы. Ол қан жасушаларынан ми жасушала-
рына оттекті, қоректік және басқа да пайдалы заттарды береді. Ал ми 
жасушаларында  түзілген  зиянды  заттар  –  шлактар  алдымен  жұлын 
сұйықтығына, кейін қанға түседі. 
Жүйке жүйесінің бөлімдері 
Орналасуы бойынша 
Орталық 
1. Ми 
2. Жұлын
Шеткі 
Орталық жүйке жүйесінен 
басқа барлық жүйкелер 
мен жүйке түйіндері 
Атқаратын қызметтері бойынша 
Сомалық 
Вегетативті немесе автономды 
Қаңқа бұлшық еттерін 
бақылай алады
(еркіне сай қозғалыс) 
Ішкі мүшелерді бақылау 
(еркінен тыс) 
Вегетатиâті жүйке жүйесінің бөліктері 
Симпатикалық 
Парасимпатикалық
9-сызба
Жүйке жүйесі


150
97-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет