151
Рефлекстік қызметі
– сұр затта кейбір рефлекстің орталығы бола-
ды. Рефлекс – ағзаның ОЖЖ – жұлын мен ми қатысында әсерге жауап
беру реакциясы. Адамның жұлыны ең қарапайым рефлекстерді орын-
дайды. Мысалы, тізе рефлексі. Ол туралы толығырақ §40 айтылады.
Орталық жүйке жүйес³, шетк³ жүйке жүйес³, жұлын ми сұйықтығы,
өтк³зг³шт³к қызмет³, рефлекстік қызмет, рефлекс.
Білу және түсіну:
1. Жүйке жүйесін құрылысы мен қызметі бойынша бөліктерге бөліңдер.
ОЖЖ мен ШЖЖ-ін қандай мүшелер құрайды?
2. Жұлынның құрылысы мен қызметі туралы айтып беріңдер. Жұлын
қабықшасын
сипаттап, қызметін анықтаңдар.
Қолдану:
1. Суреттегі жұлын бөлігінің атауларын жазыңдар.
2. Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты
анықтап, кестені толтырыңдар.
Жұлын құрылысының бөліктері
Қызметі
Сұр зат
Ақ зат
Алдыңғы өскіндері (тамыршалары)
Артқы өскіндері (тамыршалары)
Жұлын жүйкелері
Талдау:
1. Неліктен адамның жұлыны ең қарапайым рефлекстерді орындайтынын
талдаңдар.
2. Неге жұлын зақымданғанда аяқ сал болып, сезімталдық толығымен
жойылады?
Синтез:
1. Егер хирург ота жасаған кезде жұлынның алдыңғы және артқы өскін-
деріне
зақым келтіріп алса, не болады?
152
2. «Егер мен невропатолог болсам» деген тақырыпқа қысқаша эссе жазың-
дар.
Бағалау:
Ағза үшін жұлынның маңызына баға беріңдер.
Пікірталас:
Омыртқалы
жануар ағзасы рефлекс болмаса, тіршілік ете алар ма еді?
Достарыңызбен бөлісу: