176
күнінің бірінші сағаттарында байқалатынын анықтады. Ол 1,5–3 сағат
бойы сақталады. Сондықтан көп кәсіпорындарда түскі астан 1–1,5
сағат бұрын және жұмыс күнінің аяқталуына 1–2 сағат қалғанда
денешынықтыру жаттығуларын жасау міндетті болып саналады. Бұл
жұмысқа қабілеттіліктің жоғары болуына әсер етеді. Сол үшін мектепте
«үлкен үзіліс» болады. Сонымен қатар ең тиімді жұмыс күндері сейсенбі,
бейсенбі және жұма күнінің бірінші жартысы екені анықталды.
Еңбек үдерісіне, іске қызығушылық жұмысқа қабілеттілікті бірден артты-
рады. Сүйікті ісімен айналысқан кезде көп адамның жұмысқа қабілеттілігі
жоғары болады. Бұл көбінесе кәсіби іс-әрекетпен байланысты емес, әуес іс –
қызығушылық деп аталады. Көп адамда кәсіби іс-әрекеті мен қызығушылығы
сәйкес келеді.
Жұмысқа қабілеттілікке басқа да жағдайлар әсер етеді: жұмыс мақсаты,
адамның ықыласы, жауапкершілік сезімі. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде
майдан қасындағы госпитальда хирургтар күніне 200-ден астам операция
жасаған. Бұл кезде олардың жұмысқа қабілеттілігі жоғары болған, әйтпесе
соғыста жарақат алғандар тірі қалмауы мүмкін еді. Сонымен қатар адамдар
тылда жұмыс істеген. Олардың ішінде кәмелетке жасы жетпеген балалар да
бар еді.
Достарыңызбен бөлісу: