§46. Күн тәртібі, ақыл-ой еңбегі гигиенасы, есте сақтауды жақсарту әдістері Оқушының күн тәртібі. Күн тәртібі –
тәулік ішіндегі іс-әрекеттің
барлық түрі мен демалуды тиімді бөлу. Күн тәртібі сергек кезде жұмысқа
қабілеттіліктің жоғары болуын қамтамасыз ету үшін керек.
Ағза қызметінің биологиялық ырғағы негізінде күн тәртібі
құрылады. Жұмысқа қабілеттіліктің жоғары болуы сағат 11-ден 13
аралығында байқалады. Екінші рет сағат 16-дан 18 аралығына тура
келеді. Бірақ оның ұзақтығы мен қарқындылығы едәуір төмен болады.