Уотсон мен
Крик ұсынған ДНҚ молекуласы моделі – хромосомада
ішіндегі молекула моделі емес, оңтайлы температурасы, қысымы, тұз
концентрациясы т.б. бар сулы ерітінді моделі. Яғни ширатылған емес,
жазылған кезіндегі. Барлық шынайы хромосомада ДНҚ мұндай күйде
бола алмайды. Мұндай молекула ядро ғана емес, жасуша ішіне де сый-
майды. ДНҚ ядро ішіндегі хромосомаға қалай сыяды? Шын мәнінде бұл
оңай. Катушкаға оралған 100 м жіпті қалтаға салуға болатын сияқты.
Ширатылған күйімен оны алақанға да қысып ұстауға болады. Хромо-
сома жасуша емес, соған ұқсайтын нәрсе.
Хромосома құрамына ДНҚ ғана емес, нәруыздар да кіреді. Бұл
нәруыздар хромосомада кішкене – катушка шар түрінде болады,
118-сурет.