187
лады. Егер өзгерсе, онда қандай да бір
тұқымқуалаушылық қасиеті өзгереді.
8. ДНҚ – химиялық зат. Одан тұқым
қуалауға жауап беретін құры лымдар –
денешіктер тұрады. Бұл – жасуша ядросын-
да болатын, ал бактерияларда цитоплазма-
да болатын хромосомалар.
Тұқым қуалау ақпараты.
Тұқым қуалау
ақпараты дегеніміз не екенін білу үшін
жасушаның химиялық құра мын еске түсіру
керек. Кез келген тірі жасуша құрамына
нәруыздар, майлар және көмірсулар кіретіні
белгілі. Көмірсулар мен майлар – едәуір
қара пайым қосылыстар. Олар ағзаның
әртүрлі топтарында (өсімдіктер, жануарлар,
саңырауқұлақтар, бактериялар) аз айырмашылық жасайды. Осы маңызды
заттардың ішіндегі ең күрделісі – нәруыздар.
Тұқым қуалау ақпараты
–
ағзаның барлық нәруыздарының аминқышқылдарының ретінің жазба-
сы. Яғни ДНҚ-да жасушада, сәйкесінше ағзада нәруызды қалай жасауға
болатыны жазылған. Бұл – тұқым қуалау ақпараты.
Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, ДНҚ, нуклеин қышқылы,
тұқым қуалау ақпараты.
Білу және түсіну:
1. Тірі ағзаға тән тұқымқуалаушылық және өзгергіштік деген қасиеттерді
қалай түсінесіңдер?
2. Күнбағыстың дәнінен қызылша өсіруге бола ма? Жауаптарыңды негіз-
деңдер.
Қолдану:
1. ДНҚ дегеніміз не? Микроскоппен көрінетін жасуша ядросындағы қандай
денешік осы заттан тұрады?
2. ДНҚ молекуласының құрылымын кім және қай жылы ашты? Осы
күрделі заттың толық атауын айтыңдар.
3. ДНҚ қызметін сипаттаңдар. Мутация дегеніміз не? ДНҚ қызметі мен
мутация «тұқымқуалаушылық және өзгергіштік» деген түсініктермен
қалай байланысты?
Талдау:
1. Тұқымқуалаушылық ақпарат дегеніміз не?
2. ДНҚ туралы негізгі қағидалардың сызбасын құрастырыңдар.
116-сурет.
Õромосома
ДНҚ-дан құрылған, жүннен
тоқылған шарф сияқты
188
Синтез:
Жасуша құрамына кіретін органикалық заттарды сипаттаңдар. Қосымша
ақпарат көздері мен оқулық материалын пайдаланып, олардың қалай
байланысты екенін көрсетіңдер.
Бағалау:
1. Күшікке ата-анасының біреуінен түсі, дене мөлшері, екіншісінен мінез-
қылығы берілді. Неге бұлай болғанын болжаңдар.
2. Ғалымның баласы ғалым, ал әскери қызметкердің баласы патриот
бола ма? Бұл жасушаның химиялық қасиетіне байланысты ма? Өз
болжамдарыңды дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: