Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет203/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
ДНҚ – нуклеин қышылы.
 ДНҚ 
–  тұқымқуалаушылық  заты.  Осы 
күрделі органикалық заттың толық 
атауы  – 
дезоксирибонуклеинді 
қышқылы. 
ДНҚ  молекуласы  өте 
үлкен  және  құрылысы  күрделі. 
Онымен  биологияның  келесі  кур-
сында танысасыңдар.
113-сурет.
 
Ғалымдар – Дж. Уотсон және Ф.Крик


186
ДНҚ-ның әрбір молекуласы қосылған 
және өрілген 2 тізбектен тұрады. ДНҚ 
молекуласының  құрылысын  ғалымдар 
 
Дж. Уотсон мен Ф. Крик, М. Уилкинстің 
қатысуымен 1953 ж. ашты. Сол ашқан 
жаңалықтары  үшін  Нобель  сыйлығын 
алды. 
ДНҚ  молекуласының  құрылысы, 
химиялық құрамы мен соған байланыс-
ты қасиеті өте күрделі. Оны түсіну үшін 
химия және физика саласын білу керек. Қазір ДНҚ-ға қатысты бірнеше 
қағиданы анықтап алу керек.
1. ДНҚ – кез келген тірі жасуша құрамында міндетті түрде болатын 
химиялық зат.
2. ДНҚ (және соған ұқсас зат – РНҚ) тіршіліктің жасушасыз фор-
масы – вирустарда да бар.
3. ДНҚ-да ағзаның бүкіл тұқым қуалау ақпараты жазылған. Егер 
бұл  көпжасушалы  ағза  болса,  мысалы,  піл  немесе  емен  болса,  оның 
барлық жасушасында бірдей ДНҚ молынан болады. Ол тамыр, жапырақ 
немесе сабақ жасушалары болса да бәрібір.
4. Ағзалар неғұрлым жақын туыс болса, олардың ДНҚ молекуласының 
құрамы соғұрлым ұқсас. Бірақ бір түр және жақын туыс ағзаларда ДНҚ 
абсолютті түрде бірдей емес.
5. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын 
сақтап қана қоймайды, оны көбейген 
кезде  келесі  ұрпаққа  тасымалдайды. 
Осы  бір  жасуша  немесе  тұтас  ағза 
көбейе  ме,  бәрібір.  ДНҚ-сыз  көбею 
мүмкін емес.
6.  ДНҚ  өздігінен  екі  еселенеді  – 
өзін-өзі  көшіре  алады.  Осы  үдеріске 
байланысты  ағзада  ДНҚ  ешқашан 
таусылмайды.  Әрбір  көбею  алдында 
ДНҚ-ның жаңа үлесі бар молекуланың 
дәл  көшірмесі  түзіледі.  Олар  түзіліп 
жатқан  жасуша  немесе  ағзалардың 
келесі ұрпағына беріледі.
7. ДНҚ молекуласы өзгеруі мүмкін. 
Мұндай  өзгерістер  мутация  деп  ата-
114-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет