189
бағынады. ДНҚ – химиялық зат, хромосома сол химиялық заттан
тұрады. Ал гендер – хромосома бөліктері, хромосома сол бөліктерден
тұрады.
Хромосомодағы ген саны орасан көп. Адамда барлығы 46 хромосома
бар, ал ағзада шамамен миллион нәруыз бар. Әрбір ген ағзада екі данадан
болады – біреуі әкеден, біреуі шешеден берілген. Сонда 23 хромосомада
миллионнан астам ген бар. Адамның барлық хромосомалары өлшемі
мен пішіні бойынша бірдей емес. Сонда да бір хромосомада көптеген
ген бар. Кейде генетик ғалымдар: «бір ген – бір белгі» деп айтады. Бұл
– ескірген пікір. Бір ген ғана бақылайтын белгілер бар. Бірақ белгілер
даму үшін көптеген ген жұмыс істеуі керек. «Бір ген – бір нәруыз»
деп айтқан дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: