§49. ДНҚ, гендержәне хромосомалар, олардың құрылымы ДНҚ →
ген →
хромосома. ДНҚ – күрделі химиялық зат. Ал жасуша-
ның ұсақ органоидтері – хромосомалар эукариотта жасуша ядроларын-
да болады. Оларды электрондық микроскоппен көруге және суретке
түсіруге болады (113-сурет). Хромосомалардың белгілі бір пішіні бар.
Көрінетін күйде таяқшатәрізді құрылымға ие. Хромосомалар ДНҚ-дан
тұрады. Бір нәруыз туралы тұқым қуалау ақпараты жазылған. ДНҚ
молекуласының бөлігі ген деп аталады. Яғни ген – хромосома бөлігі.
Хромосомалардағы гендерді заманауи микроскоппен де көре алмайсың.
Себебі бір генді басқасынан бөлетін физикалық құрылым жоқ. Гендер
арасында ДНҚ-ның химиялық компоненттерінің – нуклеотидтердің
ерекше үйлесімі болады. Сондықтан бір геннің қай жерде аяқталғанын,
басқа геннің қай жерден басталғанын тек химиялық және молекулярды-
биологиялық әдістерімен анықтауға болады.
Мысалы, шеге темірден жасалған. Шеге өзек пен қалпақшадан
тұрады деп те айтуға болады. Бұл екі пікір де дұрыс, бір-біріне қарама-
қайшы емес. Темір – химиялық зат, ал өзек пен қалпақша – тұтас
шегенің бөліктері. Осы ДНҚ
→
ген
→
хромосома деген түсінік те қатар
117-сурет.