Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет261/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

2-зертханалық жұмыс.
 Тамақ өнімдерінде көмірсулардың, нәруыздар 
мен майлардың болатынын дәлелдеу. 
Жұмыс мақсаты:
 тәжірибе негізінде тамақ өнімдерінің құрамында 
органикалық заттардың болатынына көз жеткізу.  
Құрал-жабдықтар: 
су,  йод  ерітіндісі,  сутек  асқын  тотығы,  сүзгі 
қағаз, өлшегіш стақан немесе колба, сынауықтар, тамақ өнімдері (ет, 
картоп, күнбағыс дәні, бидай, арпа т.б.). 
Орындауға арналған тапсырма. 
1. Өсімдік дәндерін келіде ұнтақтаңдар. Картоп, ет, қолда бар басқа 
да өнімдерді майдалаңдар. Оларды және сұйық өнімдерді жеке-жеке 
сынауықтарға салыңдар.  


241
2. Сынауыққа йодтың ашық қоңыр түсті  ерітіндісін дайындаңдар. 
Йод ерітіндісі крахмал көмірсуымен әрекеттескенде көкшіл түс пайда 
болады.  Йод  ерітіндісін  әртүрлі  өнімдері  бар  сынауыққа  құйыңдар. 
Қандай өнімде крахмал бар екені туралы қорытынды жасаңдар. 
3.  Сутек  асқын  тотығы  белгілі  бір  нәруызбен  әрекеттескенде  1–2 
минут көпіршік түзіледі.  Сутек асқын тотығын әртүрлі өнімдері бар 
сынауыққа  құйыңдар.  Қандай  сынауықта  сутек  асқын  тотығымен 
әрекеттесетін нәруыздар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.   
4.  Нәруыз  болса,  сынауықты  шайқағанда,  су  ерітіндісінде  көбік 
түзіледі. Әртүрлі өнімдері бар сынауыққа су құйып, шайқаңдар. Қандай 
өнімде нәруыз бар екені туралы қорытынды жасаңдар. 
5.  Сүзгі  қағазын  ортасынан  бүктеңдер.  Оның  ішіне  зерттелетін 
өнімнен салып, келсаппен езіңдер. Өнімді алыңдар. Сүзгі қағазда май 
дақтары байқала ма? Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды 
жасаңдар. 
6. Әртүрлі тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы 
жалпы қорытынды жасаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет