Өсімдіктің тыныс алуы – фотосинтез барысында түзілген органикалық
қосылыстардың оттектің қатысуымен тотыға ыдырап әртүрлі, биологиялық белсенді
метаболиттер түзілуі мен тіршілікке қажет қуат бөліну процесі.
Популяция – белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын
және еркін жұптаса алатын дарақтар жиынтығы.
Прокариоттар – архебактериялар мен цианобактерияларды қоса барлық бактериялар
жасушаларының жарғақшамен қоршалған ядросы болмайтын ағзалар.
Рефлекстер – ағзаның әртүрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге ОЖЖнің қатысуымен
қайтаратын жауап реакциясы.
Селбестік – екі немесе бірнеше организмнің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара
пайда келтіре тіршілік етуі.
Сүрек – сабақтың (ағаш діңі) қабықтан кейінгі едәуір көлемді бөлігін алып жатқан
қабық пен өзектің арасында орналасқан қабаты.
Тамыр – өсімдікті топыраққа бекітіліп тұратын жерасты мүшесі.