Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Фотосинтез: көмірқышқыл газы  + су



Pdf көрінісі
бет85/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
 
Фотосинтез: көмірқышқыл газы  + су                
күн сәулесі
 

қант (глюкоза) + оттегі 
  
 
 
жасыл өсімдіктің хлорофилі
Жапырақ  –  ауа  арқылы  қоректенудің  басты  мүшесі.  Айтып 
өткеніміздей  жапырақтар  ғана  емес,  өсімдіктің  басқа  барлық  жасыл 
мүшелері фотосинтездей алады. Жапырақтары жоқ кейбір өсімдіктердің 
сабағы немесе жас өркендері фотосинтездейді. 
Фотосинтезге  қажет  жағдайлар. 
Фотосинтез  үдерісі  үшін  қандай 
жағдай  қажет?  Сызбадан  өсімдік  жасушасында  хлоропластарда  бар 
хлорофилл болатыны көрініп тұр. Қоршаған ортадан су (топырақтан 
тамыр  арқылы)  мен  көмірқышқыл  газы  (жапырақ  лептесіктері  ауа-
дан  сіңіретін)  түсуі  керек.  Міндетті  түрде  қажет  тағы  бір  жағдай  – 
жарық. Жарық энергиясы болмаса өсімдіктің жасыл жасушаларында 
органикалық заттар синтезі жүрмейді. 


76
Õлорофилл 
– өсімдікте міндетті түрде болуы керек жасыл пигмент. 
Судың терең қабатында өсетін кейбір балдырлардың түсі жасыл емес, 
қоңыр немесе қызыл болады. Себебі олардың жасушаларында қосымша 
басқа да бояғыш заттар бар, бірақ хлорофилл негізгі рөл атқарады. 
Жарық.
 Өсімдіктер белгілі бір сипаттамалары бар жарықты сіңіреді. 
Фотосинтез үшін күн жарығы қажет. Табиғи жарық кезінде фотосинтез 
қарқындылығы барынша жоғары болады. 
Жарық  болмаса  өсімдік  хлорофилін  жоғалтады,  түсі  ағарады, 
фотосинтездеу қасиетін тоқтатады. Тіршілігіне қажет қоректік заттар 
таусылғанда өсімдік қурап қалады. 
Су
 жеткіліксіз болса, фотосинтез үдерісінің тиімділігі төмендейді. 
Бұл әсіресе ыстық әрі құрғақ аумақтар үшін маңызды көрсеткіш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет