Білу және түсіну: 1. Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу үдерістерінің ұқсастығы мен
айырмашылығы қандай?
2. Ауа тамырларының маңызы қандай?
Қолдану: 1. Неліктен өскіннің тыныс алуы қарқынды екенін түсіндіріңдер.
2. Қозғалған кезде жануарлардың температурасының жоғарылау себептері
мен маңызы туралы айтып беріңдер.
Талдау: 1. Фотосинтез және тыныс алу барысында оттек, көмірқышқыл газы мен
энергия сіңіру әрі бөлу үдерісіндегі өсімдік рөлін талдаңдар.
2. Өсімдік жасушасындағы тыныс алу қарқындылығының артуын қандай
жанама белгілері бойынша байқауға болатынын түсіндіріңдер.
Синтез: 1. Астық қоймаларына астық сақтау ережесін құрастырыңдар.
2. Өсімдіктердегі тыныс алу үдерісін дәлелдейтін тәжірибе мәнін түсін-
діріңдер.
Бағалау: 1. Өсіп келе жатқан өскін үшін оттек қажеттігін айтыңдар және мысал-
дармен көрсетіңдер.
2. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінің, өсіп жатқан және тыныштықтағы
тұқымның тыныс алу қарқындылығына баға беріңдер. Олардың арасын-
дағы айырмашылық неге байланысты?