§26. Жануарлардың тыныс алу мүшелері Жәндіктер – белсенді ұшуға қабілетті жалғыз омыртқасыз жануар-
лар. Ұшу үшін көп энергия керек. Сондықтан оттек керек.
Қаны болатын жануарлардың ішінде тек жәндік қаны газдар: оттек
пен көмірқышқыл газын тасымалдамайтыны естеріңде болар. Себебі
жәндіктерде ғана тыныс алу мүшелері жүйелерінің оттекті тікелей
бүкіл дене жасушаларына жеткізеді.
Жәндіктердің басты тыныс алу мүшелері –
кеңірдек .
Кеңірдек – жәндік денесінде күшті тармақталатын тыныс алу
түтікшелері. Олар дене жабыны – хитиннің өсіндісі (впячивание)
сияқты түзілген. Олар іште ойысқан дене жабыны – хитин сияқты.
Кеңірдек – жәндіктерде ғана емес, өрмекшілерде де тыныс алу мүшесі
қызметін атқарады. Себебі құрлықты игерген алғашқы омыртқасыздар
өрмекшілер болған. Өрмекшілерде де бұл түтікшелер жәндіктерге
қарағанда едәуір қысқа және нашар тармақталады.
Жәндіктердің кеңірдектерінің ерекшелігі: ұштары тірі жасуша-
ларды тесіп өтетін микроскопиялық құрылымға айналады. Кеңірдекті
микроскопсыз көруге болады. Егер шыбын немесе инелік қанаттарын
қарасақ, олардың мөлдір қанаттарының ішінде талшықтар (жилка)
қалады. Талшықтар ішінде кеңірдек болатын қуыс болып табылады.
Онда газдарды тасымалдай алмайтындықтан
гемолимфа деп аталатын
жәндік «қаны» жүреді.
Кеңірдек ауа түсетін тесік (дыхальце) деп аталады. Олар жәндік
құрсағының сегменттерінде әр жағында екіден орналасқан. Жәндік
құрсақ бұлшық етін жиырған кезде ол қозғалады (қимылдайды), ал
кеңірдектегі ауа жаңарады.
Егер жәндік энергия жұмса-
маса, мысалы, қозғалмай отыратын
болса, оның тыныс алуы баяулай-
ды. Бұл жағдайда жасушаны тесіп
өтетін микротүтікшелер сұйық-
тыққа – гемолимфаға толады. Мы-
салы, ара тыныштық күйінде ми-
нутына 40 тыныс алу қозғалысын
жасайды екен. Егер жәндік ұшатын
болса, онда белсенді қозғалуға энер-
гия жұмсамайды. Бұл жағдайда
кеңірдек микротүтікшелеріндегі
71-сурет.