Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Өсімдіктің қозғалу реакцияларын



Pdf көрінісі
бет142/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Өсімдіктің қозғалу реакцияларын
 негізгі екі топқа бөлуге болады. 
Бұл  –  тропизм  және  таксис.  Тропизм  –  белгілі  бір  тітіркендіргішке 
өсімдік жасушалары, ұлпалары мен мүшелерінің осы тітіркендіргішке 
қатысты  қозғалуынан  байқалатын  реакция.  Тропизм  қандай  да  бір 
мүшенің  иілуінен  байқалады.  Белгілі  бір  бағытта  жасушалар  мен 
ұлпалардың біркелкі өспеуі есебінен қалыптасады.
Тропизм  жағымды  және  жағымсыз  болады.  Жағымды  тропизм 
кезінде  өсімдік  тітіркендіргіш  жаққа  қарай  өседі.  Жапырақтар  мен 
өркендердің  Күн  жарығы  бағытында  өсуі 
жағымды  тропизм  деп  аталады.  Тамырдың 
жердің  ауырлық  күшіне  қатысты  төменге 
қарай топырақта өсуін жағымды тропизм дейді.
Өсімдік  зиянды  тітіркендіргіштен  басқа 
жаққа қарай өсуге ұмтылады. Мұндай құбылыс 
жағымсыз  тропизм  деп  аталады.  Мысалы, 
топырақта  тамыр  жасушаларына  жағымсыз 
химиялық зат болса, өсімдік одан «қашып», 
басқа жаққа өсуге ұмтылады.
Таксис
 – қозғалуға қабілетті ағзалар, жеке 
жасушалар не жасушаішілік құрылымдардың 
83-сурет. 
Жағымды тропизм


132
белгілі  бір  тітіркендіргішке  қозғалу  реакциялары.  Бірінші  кезекте 
таксис  жануарларға  да,  қозғалатын  ағзаларға  да  тән.  Жануарларға 
жатпайтын қозғалатын біржасушалыларға да таксис тән. Оларға бак-
териялар,  біржасушалы  балдырлар,  саңырауқұлақтардың  қозғалғыш 
жасушалары,  қозғалғыш  жыныс  жасушалары  (сперматозоидтер),  өзі 
жылжуға қабілетті қан жасушалары т.б. Өсімдіктерден таксис әртүрлі 
біржасу шалы және колония (шоғыр) түзіп тіршілік ететін қозғалғыш 
бактерияларға  тән.  Жоға ры  сатыдағы  жерүсті  көпжасушалы  өсім-
дік терден  таксис  фотосинтездеуші  ұлпа  жасушаларының  ішіндегі 
хлоропластардың жарық қозғалысының бағытына қатысты қозғалуынан 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет