44
біРінØі СӨз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік
пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық,
айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ор-
тасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің
баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік.
Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба
алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын де-
ген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын
демесе, бізді Құдай сақтасын!
– Қарасөздерді Абай өзі «ғақлия» деп атаған. Ғақлия – көркем қарасөз,
нақыл сөздің бір түрі, ой саларлық ақыл-кеңес жазылған даналық сөзі.
Осы еңбегі туралы ақынның өзі былай дейді: «Ақыры ойладым: осы
ойы ма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын...»
9-тапсырма. 1. Бүгінгі күні ұялы телефонды шектен тыс пайдалану
немесе компьютер ойындарын үздіксіз ойнау дұрыс па? 2. Өз қатар-
ластарың жайлы «
Æақсы мен жаман
» тақырыбында сыни ýссе
жазыңдар.
– Мұхтар Әуезов: «Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен
әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесуде мәслихат, кеңес құрып отырған ой-
шыл ұстаз тәрізді», – дейді.
Абай – ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл.
...Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді.
Ілгерідегіні болжады. Соған ыңғайланып қазақ халқын
тәрбиеледі. Сөйтіп, өз ұлтының ұстазына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: