120
– Тұман, – деді суретші, – көздің жасы. Таудың баурайын тұман
басқанда, тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады
ғой. Тұман – бұл мен.
Екінші суреттен тікенек бұтаның
басында отырған құсты
көрдім. Ал бұта болса, жалаңаш тасты қақ жарып шығып, өсіп
тұр. Құс сайрап тұр да, оған өз үйінің терезесінен қайғылы бір тау
қызы қарап тұр. Менің суретке назар аударғанымды байқап қалды
да:
– Бұл аварлардың көне аңызының желісі бойынша салынған
сурет, – деп түсіндірді суретші.
– Қандай аңыз бойынша?
– Құсты ұстап ап, торға қамап қойыпты. Торға түскен құс
күні-түні бірдей: «Елім, елім, елім, елім, елім», – деп қақсай
беріпті... Соңғы жылдар бойы тап осылай қақсап жүрген мен
сияқты... Құс иесі ойлапты: «Мұның елі қандай екен, ол қайда
болды екен? Мүмкін, мұның елі жұмақтағы ағаш өсіп, жұмақтағы
құс мекендейтін гүл жайнаған тамаша бақ секілді шығар? Мен
осы құсты далаға қоя берейін де, оның қай жаққа ұшып кеткенін
көрейінші. Сонау алыстағы ғажап елдің жолын көрсетсін маған»
деп ойлап,
тордың қақпағын ашып, құсты босатып жіберіпті.
Құс он қадам ұшып барыпты да, жалаңаш тасты қақ жарып, өсіп
тұрған тікенек бұтаға қоныпты. Осы бұтаның жапырағының ара-
сында оның ұясы бар екен. Мен де өз еліме, өзімді-өзім қамаған
тордың терезесінен қарап жүрмін ғой, – деп аяқтады әңгімесін
суретші.
– Елге неге қайтқыңыз келмейді?
– Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді
алып кетіп едім. Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға
хақым бар ма менің?
Парижден оралысымен, әлгі суретшінің
туған-туысқандарын
іздеп, тауып алдым. Таңғалғаным сонша, оның шешесі әлі тірі
екен. Суретшінің туған-туысқандары жиналып,
өздерінің елден
безіп кеткен, туған жерін жат жерге айырбастап жіберген ұлы
жайындағы әңгімемді күңіреніп, қайғы-қасіретпен тыңдады. Бірақ
маған ұлына кешірім еткен секілді болып көрінді. Олар оның тірі
жүргеніне қуанды ма, қалай, әйтеуір, кенеттен шешесі:
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
121
– Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? – деп сұрады менен.
– Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің
балаң – французша.
Ұлының өлгенін жаңа ғана естігендей боп, суретшінің шешесі
бетін қара орамалмен жауып ала қойды. Үйдің шатырын тырсыл-
датып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварда тұрмыз. Ал жердің
екінші жағында, Парижде Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін
дәл осы сәтте жаңбырға құлақ салып отырған шығар...
Біраз
үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:
– Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің
көргенің – менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар ана-
сы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.
Аударған Êенжеболат Øалабаев
?
Достарыңызбен бөлісу: