1.Функцияның сындық нүктелерін табудың алгоритмін сызбаға салып көрсет
Орында
Әрбір деңгейден бір есептең шығарыңдар
Рефлексия
Мен нені жақсы білемін
Маған әлі немес жұмыс атқару керек
«+» немесе «-»
Үй тапсырмасы
Міндетті деңгей
https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/10-synyp/funkcziyanyng-aralyqtahy-eng-ulken-zhane-eng-kishi-mani?mid=f50f6638-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe тест жұмысын орындау
немесе оқулықта 124-125 бет
Мүмкін деңгей
№51.16
Тапсырманы whatsApp немесе кundelik.kz салу
Оқушымен кері байланыс
( ауызша бағалау немесе комментарий)
Алгебра және анализ бастамалары сабағына арналған маршрут парағы
Сыныбы
10
Пәні
Алгебра және анализ бастамалары
Мұғалімнің аты-жөні
Оқулық
Сабақ № , тақырыбы
10.3.2.13 - Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар.
Оқу мақсаты
1.Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу
2.Және оларды ажырата алу;
3. Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;
Оқушының аты-жөні
Іс – әрекет
түрі
Ресурс
( Мұғалім толтырады)
Орындалуы
( оқушы толтырады)
Оқы
Оқулық § 52, 126-128 беттерді оқыңыз
Конспект оқыңыз
1, 2 тапсырманы орындаңыз
Мағынаны таны
Анықтама: Мәндері жеке-дара тиянақты сандар болатын кездейсоқ шаманы дискретті кездейсоқ шама деп атайды.
Мына мысалдарға назар аударайық:
3 рет атқанда дәл тигізу;
10 рет атқанда дәл тигізу саны;
Телефон станциясына тәулік бойы түскен қоңырау саны ;
Бұл мысалдардағы кездейсоқ шамалар алдын ала көрсетілген жеке тиянақты мәндерді қабылдайды.
Басқа да типті кездейсоқ шамалар бар.
Мысалы: 1.Нысанаға атқанда тигізген нүктенің абсциссасы;
Берілген кездейсоқ шаманың мүмкін болатын мәндері бір бірінен алшақ емес .Олар үзіліссіз шеткі нүктелері бар ,ал кейде анықталмаған қандай да бір сандық аралықты толтырады.
Анықтама: Мәндері үзіліссіз белгілі бір кесіндісінде (мұндағы ,–нақты сандар) орналасқан кездейсоқ шаманы үзіліссіз кездейсоқ шама деп атайды.
, мәндері болатын Х дискретті шамасын қарастырайық.Әрбір мәннің болуы мүмкін ,бірақ ақиқат емес .Х кездейсоқ шамасы , мәндері қандай да бір ,...,ықтималдықтарын қабылдайды және +...=1
Анықтама: Дискретті Х кездейсоқ шаманың , мәндері мен олардың ,..., ықтималдықтары көрсетілген кесте Х дискретті кездейсоқ шамасының үлестірімділік қатары
( заңы)деп аталады.
Кездейсоқ шаманың мәні
...
Кездейсоқ шаманың абсалюттік жиілігі
…
Ықтималдықтар
...
1 -мысал.Қорапта 5 ақ және 10 қызыл түсті шарлар бар. Х кездейсоқ шамасы , қораптан кездейсоқ шамасы ,қораптан алынған шар ақ түсті болса ,1-ге , ал қызыл түсті шар болса , 0-ге тең болсын, яғни Х қораптан алынған түсті шарлар санына тең. Осы кездейсоқ шаманың үлестірімділік қатарын жазу керек .
Шешуі:Біздің жағдайда Х кездейсоқ шамасы екі түрлі мән қабылдайды :0, егер қораптан алынған шар қызыл болса .Ал енді 1, егер қораптан алынған шар ақ болса. Қораптан қызыл түсті шар алынуы ықтималдығы Р(0)==-ке, ал ақ түсті шар алынуы ықтималдығы Р(1)=1- Р(0)= =-ге тең.
Х
0
1
Р
2 мысал. 100 лоторея билеті шығарылған .Оның 40 билеті иесіне 50 теңгеден ,10 билеті 250 теңгеден ,5 билеті 500 теңгеден ұтыс әкеледі,ал қалған билеттер ұтыссыз.Бір билетке қандай орташа ұтыс сәйкес келеді
Шешуі:Х кездейсоқ шамасының мәндері 0;50 ;250;500 теңге десек ,олардың ұтыс ықтималдықтары сәйкесінше ;;;; Мына кестеде оқиғаның таралу заңдылығы берілген: 45+40+10+5=100
Х
0
50
250
500
m
45
40
10
5
Р
0,45
0,4
0,1
0,05
Орында
Тапсырма:
1.Тиынды бір рет тастағанда оның Елтаңба жағымен түсуінің санына тең болатын кездейсоқ шаманың үлестірімділік заңын жазыңдар .
2.Қалтада 4 қызыл түсті және 6 боялмаған асықтар бар. Қалтадан кездейсоқ бір асық алынды. Х кездейсоқ шамасы алынған қызыл түсті асық санына тең болсын. Х-тің үлестірімділік қатарын жазыңдар.