Күнделіктен сабақ өткізілген күннен қарап отырасыздар
Алгебра және анализ бастамалары сабағына арналған маршрут парағы
Сыныбы
10
Пәні
Алгебра және анализ бастамалары
Мұғалімнің аты-жөні
Оқулық
Сабақ № , тақырыбы
10.3.2.1Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Оқу мақсаты
1. дискретті кездейсоқ шаманың модасы,медианасы, математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;
2. дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;
Оқушының аты-жөні
Іс –әрекет
түрі
Ресурс
( Мұғалім толтырады)
Орындалуы
( оқушы толтырады)
Оқы
Оқулық § 53,
Конспект оқыңыз
1, 2 тапсырманы орындаңыз
Мағынаны
таны
Анықтама:Х кездейсоқ шамасы мәндерінің сәйкес ықтималдық мәндеріне көбейтінділерінің қосындысын Х кездейсоқ шамасының математикалық күтімі (болжамы)деп атайды. Математикалық күтімнің белгіленуі : М( Х )
Формуласы: М( Х )=+...
Мода-ең қарапайым және жеткілікті мәліметтердің орташа сипаттамасы, яғни мода деп таңдауда ең жиі кездесетін мәнді айтады.
Статистикада медиана деп мәліметтер жиындығын тең екі бөлікке бөлетін санды айтады
1-мысал. Аспапты жинау кезінде қажет тетікті дайындау үшін жағдайға байланысты 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 үлгі қолданылады. Ол үлгілердің ықтималдығы мына кестеде берілген:
Х
1
2
3
4
5
6
7
8
р
0,05
0,08
0,09
0,1
0,3
0,2
0,12
0,06
20 аспапты жинау үшін қолданылатын үлгілер сандарының модасы,медианасы,орташа мәні қандай болады?
Шешуі. Берілген үлгілердің ішінде ең жиі кездесетіні =5-ші үлгі. Ал медианасын табу үшін жиіліктерін өсу ретімен жазамыз: m=5+6+8+9+10+12=50 Сонда 50 –ші және 51-ші орында тұрған үлгілер 6 мен 7.Медиананы табу үшін осы 2 санның қосындысын 2- ге бөлеміз . (6+7)/2=6,5 .
20 аспапты жинау үшін қолданылатын үлгілердің орташа мәнін анықтау үшін алдымен бір аспапқа қажетті орта мәнді анықтап, нәтижені 20-ға көбейтеміз:
1-қасиет:Тұрақты шаманың математикалық күтімі сол шамаға тең болады:
М( С )= С
2-қасиет: Тұрақты көбейткішті математикалық күтім алдына шығаруға болады:
М(Х )= СМ ( Х )
3- қасиет: Екі кездейсоқ шаманың қосындысының математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің қосындысына тең болады:
М(Х+Y) = М( Х) + М(Y)
4 –қасиет: кездейсоқ шамаларының қосындысының математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің қосындысына тең болады:
М( )=
5-қасиет :Екі кездейсоқ шаманың айырмасының математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің айырмасына тең болады:
М(Х-Y) = М( Х) - М(Y)
6-қасиет:Екі кездейсоқ шаманың көбейтіндісінің математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең болады:
М(Х*Y) = М( Х) * М(Y)
4 –қасиет: кездейсоқ шамаларының көбейтінділерінің математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең болады:
М( )=
2-мысал. Х және Y кездейсқ шамаларының математикалық күтімдері белгілі: М( Х ) =5 , М( Y ) =9. Төменде берілген кездейсоқ шамалардың математикалық күтімін табыңдар: