Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


ҚОСЫМША: 1-қосымша. «Нарықты реттеуге банк жəне салық жүйелерінің ықпалы» іскерлік ойыны



бет104/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

ҚОСЫМША:


1-қосымша. «Нарықты реттеуге банк жəне салық жүйелерінің ықпалы» іскерлік ойыны

Берілген ойында нарық экономикасының орталық органдарының: Қаржы министрлігі жəне банк жүйесі қызметтері үлгі ретінде келтіріледі.


Ашық нарықта салық саясаты, банк операцияларын жүргізу механизмдері мен мақсаттары қарастырылады. Лаффер қисығының заңдылықтары, банк «маржасының» пайда болу үрдістері көрсетілген.


Ойынның шарты:
Мемлекеттің өндіріс көлемі мен автокөлік компанияларының пай-дасына ықпалы ету үрдісі ұқсатылады.
Бастапқы топ төрт бөлікке бөлінеді, олар:

    1. – Қаржы министрлігі (ҚМ)

    2. – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚРҰБ)

    3. – коммерциялық банктер (КБ)

    4. – автокөлік фирмаларының мешік иелері мен басқарушылары

– авто өнеркəсібінің иесі (АӨ). Ойын барысында топтың əрқайсысы өзінің функцияларын атқарады, бірақ барлығы ұқсастық жағдайды жəне басқа топтардың іс-əрекеттерінің мазмұнын түсінуі қажет.

Автокөлікті жасауда берілген өнімнің елеулі түрде артық өнімнің пайда болуына əкелетін өндіріс көлемінің жағдайы қалыптасты (ойын-да əлемдік нарық, экспорт мен импорттың ықпалы ескерілмейді). Осы жағдайларда мемлекет, қалыптасқан шуды «салқындату» бойын-ша шараларды қабылдайды. Автокөлікке деген қажеттілікті анықтай отырып, мемлекет ҚМ арқылы АӨ пайдаға салынатын салықтың есебінен берілген салаға салынатын жеке капитал салымдарын төмендетеді. Бірақ салықтарды шексіз көтеруге болмайды, олардың шекті мөлшері – пайданың 25%-ы. Бірақ бұл ҚМ есептеулері бой-ынша инвестициялардың деңгейін төмендету үшін жеткілікті емес. Сондықтан салыққа қосымша ретінде ықпал етудің кредиттік əдістері қолданылады.


Ұлттық банк коммерциялық банктердің артық кредит ресурстарын жою үшін облигацияларды шығарады. Сонымен қатар ҚРҰБ жеке бан-ктерге ұсынатын кредиттер бойынша пайыздың есептік мөлшерлемесін көтереді. КБ өз кезегінде, АӨ үшін ұсынылатын кредиттер бойынша пайыздың деңгейін көтеруге мəжбүр.


КБ-ден кредиттің елеулі сомасын алуға жоспарлап отырған АӨ пайыздық мөлшерлеменің көтерілуінен кейін банктен алатын қарыздарын шектейді.


Автокөлік нарығында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтау мен қайта өндірістің алдын алу үшін мемлекеттік органдардың



256


есептеулері бойынша, қажетті мөлшерде капитал салымдарын төмендету шаралары қолданылады. Ойынның барысы осындай.


Нақты есептеулер үшін бастапқы мəліметтерді ескеру қажет. Жыл бойы автокөліктерге деген болжамды сұраныс – 10 млн.тг. Автокөліктің орташа бағасы (ойындағы баға оның құнымен сəйкес келмейді) – 2,2 мың долл. Саладағы пайданың нормасы – 10%. Пайдаға салынатын салық – 15%. Мемлекеттік органдардың мəліметтері бой-ынша автоөнеркəсіптің өндіріс көлемін бір жарым есеге төмендетуге мүмкіндігі бар. Осы жағдайда əрбір топтың іс-əрекеттері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет