УДК 336
ББК 65.29
© Михель Э. Э., 2012
ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012
2
Жақсы теориядан пайдалы еш нəрсе жоқ Кирхгоф Роберт
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жəне дамуы елімізде эконо-мика саласын барынша өзгертіп қоймай, оны жаңа бағытта дамытудың қажеттігін көрсетті. Соңғысына сөзсіз корпорация қаржысы енеді, өйткені соңғы жылдары отандық кəсіпорындарды қайта құрудың негізгі үрдісі корпоративтік (акционерлік) меншіктілік нысанының қалыптасуы мен дамуына байланысты болды. Ірі корпоративтік құрылымдарда, атап айтқанда қаржылық-өнеркəсіптік топтар мен хол-дингтерде капиталдың шоғырлануы, олардың қаржылық ресурстарын орталықтандыруды басқару үшін жағымды жағдай жасалуын, қаржы нарығынан капиталды жұмылдыруға қазіргі əдістерді пайдалануға жағдай тудырылуда.
Сондықтан болар нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрақты экономикалық ынтымақтастық жəне бəсекелестік өздеріне көптеген шағын жəне орта компанияларды қосып алған ірі сатылас біріктірілген құрылымдар, корпоративтік бірлестіктер, холдингтердің көмегі арқылы қамтамасыз етілуде.
Корпоративтік қаржының қаржылық менеджменттен негізгі айырмашылығы оның белгілі бір экономикаға қатыстылығы жəне нарыққа бағдарланғандығы болып табылады. Яғни, ағымдағы кезеңде корпоративтік қаржыны қолдану кəсіпорындар үшін тиімді жəне пайдалы болып табылады. Осы айтылғандарға байланысты, қаржы мамандығында оқитын студенттерге корпорация қаржысын оқытудың маңыздылығы артта түсуде.
Соңғы жылдары корпоративтік қаржы проблемаларымен байла-нысты көптеген шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері, моногра-фиялары жəне отандық ғалымдардың оқулық-əдістемелік құралдары басылымдарда жарық көруде. Корпоративтік қаржы пəні бойын-ша мемлекеттік тілде практикалық сабақ жүргізуге арналған оқу-əдістемелік құралдардың жəне есептер жиынтығының əлі де бол-са жетіспеушілігі байқалады. Бұл оқулық осы олқылықтың орнын толтыруға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Ұсынылған оқулықтың көп мағыналы атқарымдық мəні бар. Оқулықтың бөлімдері жекелеген тақырыптардың негізгі жағдайларын қысқаша баяндауға арналған жəне қаржы мамандығында оқитын бака-лавриат пен магистранттар үшін əдістемелік құрал болып есептеледі. Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру мақсатымен əр тараудың соңынан өзін-өзі тексеру сұрақтарының тізбесі берілген.
Оқулық кəсіпорынның қаржы теориясының кең курсын қамтиды,
оның ішінде қаржыны басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептің математикалық негіздері, корпорация табыстары, оларды жоспарлау жəне пайдалану, негізгі жəне айналым активтері, меншікті жəне қарыз капиталдарын басқару жəне бақылау, корпорация капиталының құрылымын жəне құнын анықтау, капитал құрылымын оңтайландыру, корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау, сонымен қатар банкроттықтың пайда болуының қаржылық себептерімен бай-ланысты қаралған тақырыптардың сұрақтары өз деңгейінде ашылған. Бірақ практикасыз теорияның мəні болмайды. Практикалық матери-алдарды жетілдіру жəне жақсы меңгеру үшін, əр бөлімінің соңында нақты дəріс кешеніне сəйкес тапсырмалар жиынтығы, өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар жəне тест сұрақтарының кешені мен іскерлік ойындар ұсынылған.
Ұсынылған оқулық – қаржылық менеджментті əрі қарай зерделеу үшін қажетті басылым.
Достарыңызбен бөлісу: |