Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


-тарау. Корпоративтік қаржының



бет3/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

1-тарау. Корпоративтік қаржының


теориялық негіздері


1.1. Корпорация қаржылары: мəні, функциялары жəне мін-деттері.


1.2. Корпоративтік қаржының жалпы əдіснамалық қағи-даттары.


1.3. Корпоративтік қаржының негізгі теориялық тұжырым-дамалары.
1.4. Корпоративтік қаржының заманауи теориялары.


1.1. Корпорация қаржылары: мəні, функциялары


жəне міндеттері

Кəсіпорын (корпорация) қаржыларының мəнін түсіну үшін қаржы ұғымын түсіну қажет.


Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі – олардың көрінісінің əрқашан ақшалай нысанының болатындығында. Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай нысаны – қаржының маңызды белгісі. Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайы өндірістік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық ка-тегория ретіндегі олардың айрықша белгісі.


Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай ресурстардың қозғалысында көрінуі оның ерекше белгісі болып табы-лады.


Нақтылы жұмсауға арналған мақсатты ақшалай-қаржылық ре-сурстар жəне қорланымдар қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық əдістердің көмегімен жасалады. Əдістер қаржылық қатынастарда іс-əрекеттің амалда-ры ретінде директивалық қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, бұл экономиканы реттеудің қажеттігімен жəне қоғамдық дамудың мақсаттарына арналған ақшалай ресурстарды пайдаланудың көлемдері мен бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байла-нысты болады.


Қаржылық ресурстардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады.


Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.


Қаржының мəні оның маңызды болып табылатын сандық жағында

5


емес, бұл категорияның жұмыс істеуі тек оған тəн функцияларды орындау кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың мазмұнында ашылады. Мұндай тəсілдемеде қаржы дегеніміз – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде жəне мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды жəне қорларды қалыптастыру жəне пайдалану жо-лымен олардың сан алуан мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау жəне оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар.

Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме беруге болады: қаржы – бұл: 1) ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу жəне пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория; 2) ақшамен айналысу жəне оны басқару практикасы; 3) қандай да бір жобаға қатысатын капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал.


Қаржы – өндірістік категория, өйткені ол өндіріс үдерісінде өндірістік капиталдың толық айналымына қызмет көрсетеді жəне бұл үдеріске белсенді ықпал етеді.


Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъек-тілерінің қаржысы қаржы жүйесінің негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім – қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан, ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.


Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:





  1. материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) шаруа-шылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;




    1. өндірістік емес сфераның (қызметтер сферасының) ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.

Өндіріс сферасының қаржылары өндірістік компанияларда, фир-маларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты жəне резервтік қорларына орталықтандырудың мəселелерін шешеді.


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі жəне айрықша сферасы болып табы-лады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.


Сөйтіп, Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан


тұрады:


6

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Кəсіпорындардың Жалпымемлекеттік Үй

қаржысы қаржы шаруашылықтарының


қаржысы

Қаржылық қатынастардың алғашқы буыны жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады жəне макродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдала-нылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады жəне микродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік реттеу, ынта-ландыру үшін пайдаланылады.


Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең ал-дымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.


Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі – өндірістік қатынастарға кіріктіріледі. Бұдан қаржылық қатынастар – өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни базистік қатынастар болып табылады деуге болады.


Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде
– ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады.
Өндірістік қатынастар тауарларды, игіліктерді жəне қызметтерді қоғамдықөндіру,бөлу,айырбастаужəнетұтынуүдерісіндеқалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер жəне қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы жəне өзара тəуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды.

Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысу-шылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау жəне бөлу стадиялары-нан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.


Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың əрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс.



7


Өз кезегінде тауарлық қатынастардың болуы экономикалық агенттердің еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығатындықтан, бұл олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нəтижелерімен, олардың саны мен сапасына сəйкес түрлі өндірілетін игіліктермен айырбасталуы тиіс.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен жəне өндірілген өнімді өткізумен етене байланы-сты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы əсер етуіне жағдай жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, тұтас алғанда мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақшалай қатынастардың өмір сүруімен жəне экономикалық заңдардың іс-əрекетімен байланысты. Тауар-ақшалай қатынастар еңбектің қоғамдық бөлінісімен, меншіктің түрлі нысан-дарымен алдын ала анықталған. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер өз еңбегінің нəтижелерін, өнімдерін, қызметтерін тауардың құнын бейнелеп көрсететін бағалар бойынша ақшаға са-тып алу-сату жолымен айырбастайды. Жиынтығында бұл қатынастар тауар-ақшалай қатынастар болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақшалай нысанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді жəне экономикалық заңдардың талаптарына сəйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан əрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу жəне пайдалану үшін қолданылады. Бұл даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік əрі жақсы қалыптасқан қаржыларынсыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей əсер етеді.


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік жəне басқа қызметтерді жүзеге асыратын кəсіпор-ындардың, фирмалардың, қоғамдардың, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылық-аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.


Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,қызметтер)өндіріп,сатукезіндеқаржылықресурстарды(өнімді,



8


жұмысты, қызметтерді өткізуден түсетін түсім-ақша; кəсіпорынның жалпы жəне таза табыстары) жасаумен, бөлумен жəне пайдаланумен байланысты экономикалық (қаржылық немесе ақшалай) қатынастарды айтады.

Корпорация қаржыларының функциялары жалпы қаржы функция-ларымен бірдей, яғни ұдайы өндірістік, бөлу жəне бақылау функцияла-рын орындайды.


Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тəн қызмет тобын, мəннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тəн категориялары кескінінің айрықша əдістерін білдіреді. Функция-да категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.


Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік жəне ұдайы өндірістік тəрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.


Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік си-паты оның іс-əрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сəйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу жəне бақылау.


Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді жəне қайта бөлінеді.


Ұдайыөндірістік тұжырымдама жақтаушыларының қаржының мəнін осылайша кеңінен ұғынуына сəйкес олар қаржыға мына функ-цияларды береді:



  1. ұдайыөндірістік функция;

  2. бақылау функциясы.




  1. ұдайы өндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы жəне қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін осы ресурстармен қамтамасыз ету. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді жəне пайда-лануды түсінген жөн.




    1. бақылау функциясы

Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тəн қасиет жəне қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің, кəсіпорындардың қаржылық саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.


Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функция-ларының мазмұнын табыстар мен ақшалай қаражаттардың қор-ланымдарын жасау жəне пайдалану үдерісінде болып жататын



9


экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдеріс-тердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алына-тын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындарының – фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қайта бөлу үдерісінде түрлі меншікті мақсаттарға пай-далану үшін қордалану жолымен бұл табыстардан ақшалай ресур-стар қалыптасады жəне міндетті аударымдар түрінде қоғамдық қатынастардың басқа қатысушыларының ақшалай қорлары жасала-ды. Бұл үдерісте мемлекеттік бюджет зор рөл атқарады, ол арқылы аумақтық, салалық жəне ведомстволық белгісі бойынша сан алуан қаржылық нысандарды жасау жолымен ақшалай қаражаттардың едəуір бөлігі қайта бөлінеді. Нəтижесінде, көп жағдайларда қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың бірінің табыстары есебінен түпкілікті тұтынуға бағытталатын басқа қатысушылардың қажеттеріне пайдала-нылатын ақшалай қаражатар жасалады. Тап осы үдерістер қаржының айтылған функцияларында өзінің көрінісін табады.

Корпорация қаржыларының қағидаттарына: жоспарлылық, материалдық жауапкершілік, қаржы резервтерін қалыптастыру, экономикалық ынталандыру қағидаттары жатады. Оларды анықтай кел-сек, жоспарлылық қағидаты кəсіпорынның қаржы саясатын жүзеге асы-руы кезінде нақты жоспарды құру қажеттілігінен жəне кəсіпорынның тиімді қызмет етуі кезінде қаржы қызметтерімен жасалған қаржы ре-сурстарын қолдану жоспарын анықтайды, яғни өнімнің өзіндік құнын əртүрлі ақша қорларына қайта бөлуде жоспарлылықты қажет етеді. Материалдық жауапкершілік қағидаты кəсіпорын қызметінде мате-риалды жауапкершілігінің болуы жəне қаржылардың нақты активтер-мен қамтылуы қажеттігін білдіреді. Қаржы резервтерін қалыптастыру қағидаты кəсіпорын өз қаражаттарының бір бөлігін қарастырылмаған жағдайлардың туындауында қызметінің тұрақтылығын, осы жағдайдың нəтижесінде пайда болған шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін əртүрлі резервтік қорларға бағыттауын білдіреді. Экономикалық ынталандыру қағидаты – бұл коммерциялық сферадағы кез кел-ген экономикалық қызмет субъектісінің негізгі мақсаты пайда табу қағидатын айқындайды. Кəсіпорынның даму саясатына қажетті еңбек ресурстары немесе басқа да активтердің жоғары өтімділігі жəне еңбек өнімділігі мақсатындағы экономикалық ынталандыруды білдіреді. Мысалы, кəсіпорынның ақша қаражаттарын тарту мақсатында ак-цияларды шығаруы, олардың тиімді орналастырылуы дивидентерді өсіруі мүмкін. Бұл болашақта акциялардың табысты болатыны тура-лы пікір қалыптастырады, өйткені компанияның өзіндік табыстарын жəне кəсіпорынның рентабельділігін арттыруы арқылы акционерлер төлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.



10


Қаржы қызметтерінің функциясына қысқаша анықтама берейік. Оларды үш топқа бөлуге болады: жоспарлау, орындалуын бақылау жəне орындалған жұмысты талдауға қатысу.
Жоспарлау мыналардан тұрады:

а) қаржылық кредиттік жоспарлау, яғни тоқсандарға жəне бөлімшелерге бөлінген тиімді болжамдар мен жоспарлау құру;


ə) ішкі өтемділік деңгейіндегі қаржы көрсеткіштері жүйесін жа-сау;


Қаржы қызметтері ұзақ мерзімді қаржы жоспарын жəне болжам-дарын, сондай-ақ қаржы сипатындағы қызметтерден басқа мына қатысушылардан тұрады:





  1. түсім алу мақсатында сатып алушымен есеп айырысу жəне экономикалық қызметтің басқа да субъектілерімен есеп айрысу;




  1. айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату мақсатында айналым қаражаттарын ұйымдастыру




  1. маркетинг қызметтерімен бірлесе отырып өнімге деген сұранысты зерттеу, өтпейтін тауарларды кейіннен жаңаларымен ауы-стыру мақсатында өндірістен шығару;




  1. өндірісті материалдық қамтамасыз ету мақсатында экономикалық ынталандыру қорларын құру.

Орындалған жұмыстың соңында қаржы қызметтері қаржы жоспа-рынан ауытқу себебін анықтау мақсатында жүйелі бухгалтерлік жəне оперативті талдау жасау арқылы қаржы-шаруашылық қызметке талдау жасайды.


Сонымен қаржы қызметтері кəсіпорынның тек қаржы бөлімінде ғана емес, сондай-ақ кəсіпорынның барлық қызметтеріне қатысады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет