Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


-тарау. Қаржылық математиканың негіздері



бет8/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

2-тарау. Қаржылық математиканың негіздері


2.1. Ақшаның уақытша құны жəне қаржылық математиканың базалық түсініктері


2.2. Пайыздық мөлшерлемелерді есептеудің антисипативті жəне декурсивті əдістері
2.3. Ақшаның инфляциялық құнсыздану есебі
2.4. Аннуитеттер


2.1. Ақшаның уақытша құны жəне қаржылық


математиканың базалық түсініктері


Ақшаның уақытша құны (ағыл. time value of money ) – бұл қаржыдағы ең маңызды түсініктердің бірі. Бұл түсінікті 1202 жылы Леонардо Фибоначчи əзірлеп, негізін қалыптастырды. Ақшаның уақытша құны ақша пайда əкелуі тиіс дейді. Сондықтан қазіргі таңдағы ақша сомасы кейінге қалдырылған дəл осы сомадан құндырақ болады, себебі қазір салынған сома кейін пайда əкеледі.
Уақытша құнды жақсы түсіну үшін қарапайым мысал келтірейік.
Мысалы, екі адамды алайық: Серік пен Берік. Бастапқы сома (ағыл. present value) 5 000$. Серік бұл ақшаны кейін, бес жылдан соң алуды ұйғарды, ал Берік оны қазір жай мөлшерлемемен жылдық 12%-дық де-позитке салды деп алайық. Серіктің ақшаны бес жылдан кейін алуға ұйғарғанын ескере отырып, оның ақшасының қазіргі таңдағы нақты құнын есептейік. Əрине, қазір Серік ештеңе алмағандықтан, бұл мы-салда біз оның тек мүмкіндікті бастапқы сомасын ғана есептей ала-мыз. Бірақ бастапқы соманы есептеу (мейлі, мүмкіндікті болса да) егер Серік Берік сияқты соманы кезеңнің соңында 5000-ға өсіретіндей ақылды болса, оның қазір қанша алу керектігін түсінуімізге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, ақшаны қазір салып, бес жыл өткен соң 5000 алу үшін қолыңда қанша қаржы болуы керек? Біздің мысалымыздағы жылдық мөлшерлеме еш өзгерген жоқ, 12%-ды құрайды.
S=Р*(1+ni)
Р=S/(1+ni)=5000/(1+0,12*5)=5000/1,6=3125

Сонымен, екінші нұсқаны таңдау (кейін төленетін сома) қазір алы-натын 3125-ке тең. Енді негізгі сұраққа келейік: қайсысы жақсы, қазір алынатын 3125 пе əлде кейін төленетін 5000$? Яғни, кейін төленетін 5000-ды алу қазір алынатын 3125-ті алумен барабар. Бұл тіпті инфля-цияны есептемегеннің өзінде солай.




Пайыздар – капиталды əртүрлі формада (несиелер, кредиттер) қарызға беруден не болмаса өндірістік немесе қаржы сипатындағы ин-вестициядан түскен табыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет