Тренинг атауы: Өміріңнің бақытты сәттері Мақсаты: агрессивті мінез-құлықтың алдын алу «Бәтеңкедегі тас»



Дата21.11.2019
өлшемі40,5 Kb.
#52180
Байланысты:
тренинг



№249 мектеп-лицей

Өміріңнің бақытты сәттері

(психологиялық тренинг)

Әйтеке би кенті

2015-2016 жыл



Тренинг атауы: Өміріңнің бақытты сәттері

Мақсаты: агрессивті мінез-құлықтың алдын алу

 «Бәтеңкедегі тас» жаттығу


Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.
Жүргізуші: 
-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын.Қазір сендер аяқ киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре береміз.
Талдау: Не сезіндіңдер?
Сендерге не кедергі болды?
Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.
«Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы
Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.
Жүргізуші:
- Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші.Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.
Талдау: 
-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?
-Жағымды әсер алдыңдар ма?
Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар
«Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы
Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.
Нұсқау: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.
Талдау: Жаттығу ұнады ма?


«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар. 
Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз 
Қолын қысыңыз 
Арқасынан қағыңыз 
Комплимент айтыңыз 
Қол бұлғаңыз 
Көзіңізді қысыңыз 
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 
Бір тілек айтыңыз 
Послать воздушный поцелуй
Массаж жасаңыз 
Арқаларыңды сүйкеңдер.
Құшақтаңыз. 
«Ауа-райы» жаттығу
Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.
Жүргізуші: 
-Табиғаттағы ауа-райы өздерің білесіңдер, бірқалыпты емес, ол ылғи да құбылып тұрады. Мысалы, қазір ғана күн шығып тұрса, артынша бұлт , не жел сияқты құбылыстар болады. Сол сияқты адам баласының да әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйлері өзгеріп қалуы мүмкін.Жағдайға байланысты бойды кейде ашу, ыза, өкпе, реніш сияқты жағымсыз эмоциялар билеп алуы мүмкін.Бұндай жағдайда немесе сол сәтте адам өзімен- өзі болып қалғысы келеді, яғни оның мазасын ешкім алмағанын қалайды. Алдарыңдағы карточкаға осындай жағымсыз көңіл-күйдің бейнесін таңба, не шартты белгі, тіпті болмаса ұран сөзбен қалай бейнелер едіңдер?
Талдау:
-Кім өз ойымен бөліседі?
-Жаттығуды орындау оңай болды ма? 
-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?
Қорытынды: Өздерің сыныпқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда, осындай әдісті қолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз. 
«Үш тілек» жаттығу
Мақсаты: Болашаққа мақсат құра отырып, құнды ойын түйіндеп, талдау жасауға машықтандыру.
Жүргізуші:
-Балалар, сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Кейде адамның ғажайып ойлары шындыққа ұласып, орындалады екен.
-Ертегі желісін бір сәт еске ала отырып, теңіз жағасына толқынмен ілескен көне бөтелке табылды деп ойлаңдар. Бөтелкенің тығыны нығыздалып жабылған екен. Бөтелкенің құндылығы сонда, сендер тығынын ашқанда ішінен шыққан сиқыршы сендердің үш тілектеріңді ғана орындай алатынын айтады.Тілектеріңді ойша талдап, ең негізгі үшеуін ғана іріктеңдер. Ескертетін жай тілектерің адамның қолынан келетін, мүмкіндігі бар болуы шарт. 
Талдау: Жаттығу барысы саған оңай болды ма, әлде қиындық туғызды ма?
Қорытынды: Тілектерің орындалатынына мен сенімдімін. Алға қойған мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін ұмытпаңда.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет