Ұлттық банк
ҚМ іс-əрекеттерінен кейін инвестициялық ресурстар КЗ 27 млрд. долл. құрайды, онда олардың қажетті деңгейі К2= 20 млрд.долл. жоғары болмауы тиіс.
КБ бос ақшалай қаражаттың мөлшері А1 = 22 млрд.долл. Автоөнеркəсіп иелері банктен А2= 20 млрд. долл. алуды жоспарлап
отыр.
АӨ капиталының меншікті ресурстары автоөнеркəсіп иелеріне қажетті инвестициялар көлемі мен банктерден алынатын кредиттің арасындағы айырманы білдіреді: МК = КЗ – А2 + 27 – 20 = 7 млрд. долл.
Ақшалай массаны реттеу мен бюджетке түсетін түсімдерді арт-тыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – ашық рыноктағы операциялар саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Облигация-лар жоғары пайыз негізінде шығарылады, олар өте жоғары сенімділікке ие, сондықтан сатып алушылар үшін тартымды болып табылады.
Бұл қағаздар көбінесе, банктердің арасында таратылды, өйткені олардыңпайыздарыбанкпайдасыныңнормасынанартық,алөндірістегі пайдалылықтан төмен болады. Дағдарыс кезеңінде инвестицияларды ынталандыру үшін орталық банк өздерінің өтімділігін ұлғайту үшін КБ-ге ҚРҰБ бағалы қағаздарын сатудың пайдалы болатындай шартта-рын қояды. Ойында сомасы 4 млрд.долл. облигацияларды шығарғаннан кейін, коммерциялық банктер жүйесінде ГЗ=Г1–4= 22-4=18 млрд. долл. мөлшерінде қаражат қалады.
Меншікті жəне қарыз қаражаттың (МК+ГЗ) сомасы К2-ден 5 млрд.долл. артық. Облигациялардың шығарылымын ұлғайту орынды болып табылады, өйткені ол мемлекеттік қарыздың өсуіне əкеледі, оны төлеу қиындық туғызады.
Басқа тетіктерді де қолданудың қажеттілігі бар.
Нарықтың конъюнктурасына ықпал етудің мықты құралы «дисконттық саясат», пайыздың есептік мөлшерлемесі болып табы-лады. Орталық банк қаражаттың жалғыз монополиялық эмитенті болып табылады. ҚРҰБ шығарылатын банкноттар – бұл кредиттік ақша болып табылады. Жеке банктер оларды алу үшін төлем жүргізуі тиіс. КБ орталық банкке төлем құралдарды – векселдерді ұсынады. Ол банктердің меншікті векселдері, сонымен қатар үшінші жақты банктердегі бірінші санатты міндеттемелер болуы мүмкін. ҚРҰБ оларды сатып алады, өздерінің пайдаларына белгілі пайызды ала оты-рып, векселдерді ескереді. Егер вексель бойынша 1000 долл. төлеудің міндеттемесі болса, онда ҚРҰБ оны сатып алады, мысалы, 950 долл. Онда есептік (дисконттық) мөлшерлеме – 5%.
Осылайша, есептік мөлшерлеме – ҚРҰБ-і жеке банктерге ұсынатын кредит үшін пайыз болып табылады.
Орталық банктің долларлық векселдерді 950 долл. емес, 900 долл. сатып алудың мүмкіндігі бар. Мүмкін, ҚРҰБ монополист болғандықтан, дербес түрде пайыздық мөлшерлемелерді орнатады. Бірақ мемлекеттік банк коммерциялық ұйым емес, мемлекеттегі жалпы экономика шеңберінде ақшаның айналымы бойынша ұйымдастырушылық, рет-теу, бақылау функцияларын қолданатын институт болып табылады.
Банк басшылығы есептік мөлшерлемені 10%-ға дейін көтерудің орынды еместігін түсінеді. Бұл, КБ орталық банкпен іс-əрекет жүргізгенде залалға ұшырамау үшін, КБ кредит үшін өздерінің пай-ыздарын көтеруді қажет етеді. Онда кредиттер қымбат болады, фирма-лар өздерінің қарыздарын қысқарта алмайды, сонымен қатар өндіріске қажетті салымдарды да қысқарта алмайды.
Инвестициялар, сонымен қатар, көптеген рентабельді кəсіпорындар, тəуекелі бар фирмалар, қаражаты бар меншік иелері үшін, инвестициялауға қарағанда қаражатты жоғары пайыз бойынша банкте сақтау пайдалы болудың салдарынан қысқарады.
Осылайша, жиі орталық банктің коммерциялық пайданы көздеу үрдісі экономика үшін жағымсыз салдарды туғызуы мүмкін, олар ка-питал салымдарының жəне өндіріс өсімінің қысқаруына əкеліп соғады. ҚРҰБ алынған қаражат қарыз болып табылады. Осы кредиттің бағасы
– пайыздық мөлшерлемесі – есептік мөлшерлемеден жоғары болуы тиіс, болмаса КБ залалды болады.
Сондықтан, егер ҚРҰБ есептік мөлшерлемені көтерсе, ол жеке банктердің клиенттері үшін кредиттің қымбаттауына əсер етеді. Ол өз кезегінде қарыз мөлшерінің төмендеуіне əкеліп соғады, сəйкесінше
инвестициялар қысқарады. Есептік мөлшерлемені айла-шарығы жа-сау арқылы, ҚРҰБ өндіріске салынатын капитал салымдарына ықпал етудің мүмкіндігі пайда болады.
Енді ойынның шартына қайтып келейік. АӨ банктердегі қарызын 5 млрд. долл. қысқарту қажет (5-тапсырманы қараңыз). Ол үшін
пайызы – АӨ кредиті бойынша пайыз – екі пунктке артуы қажет. Бұл жағдайда ҚРҰБ есептік мөлшерлемесін – сол сияқты екі пунктке көтеру қажет. Осылайша, П2 = П1+2= 7+2=9%; 02=01+2=6+2=8%.
Достарыңызбен бөлісу: |