Тұрақтандыру саясаты – бағалардың тұрақты деңгейінің жағдайында өндіріс факторларының толықтай жұмыспен қамтылуына жақын деңгейде, макроэкономикалық тепе-теңдікті қайта құру мен қолдауға бағытталған саясат.
Тұрақты шығындар –өндірістің көлеміне байланысты емес шығындардың мөлшері.
Тұтыну – қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді пайдалану.
Тұтынушылық бағалар индексі– өндірістік емес тұтыну үшін қоғаммен сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің
305
бағаларының жалпы деңгейінде өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіш, ол ағымдағы кезеңде тауарлар мен қызметтердің нақты тіркелеген жиын құнының оның базалық кезеңіндегі құнына қатынасын өлшейді.