Сатып алушылық қабілеттің басымдылығы – белгілі мемлекет-те өндірілген ұқсас тауарлар мен қызметтер бағаларының арақатынасы ретінде есептелетін, салыстырылатын мемлекеттердің валюталары арасындаға нақты арақатынасы.
Сауда шарттары– сыртқы сауда айырбасының пропорциясын көрсететін, мемлекеттің экспорттық жəне импорттық бағаларының индекстерінің арақатынасы.
Сұраныс – берілген тауардың мүмкін болатын бағаларының негізінде белгілі уақыт кезеңінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының мөлшері.
Сұраныс жəне ұсыныс заңы– ұсыныс пен сұраныстың бағамен іс-əрекетінің нəтижесінде жиынтық сұранысқа қатысты көлемі мен құрылымы бойынша ұсыныс пен өндірістің бейімделуі.